Несіпбек Дәутайұлы
ЖАЗУШЫҚазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты. Халықаралық "Рух" әдеби конкурсының бас жүлдегері.
ТолығырақНесіпбек Дәутайұлы - 1947 жылы 30 ақпанда Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Киров атындағы колхозда (қазіргі Кенен ауылы) дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.
1972—1980 жылдары аудандық «Қордай» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметтерін атқарды. Жамбыл облыстық газетінде меншікті тілші болған. Қазір «Жамбыл» әдеби-көпшілік журналының Бас редакторы.
Шығармашылық жетістіктері:
«Ақ көгершін», «Алма ағашының бұтағы», «Жол», «Әнім сен едің» повесттері таңдаулы шығармаларға арналған республикалық жабық бәйгелерде жүлдегер атанды. Қазақстан Жазушылар Одағының дала дарыны Ғ.Мұстафиннің туғанына 100 жыл толуына орай өткізген үздік әңгімелер бәйгесінде бас бәйге алды. «Қазақ әдебиеті» газеті жариялаған үздік әңгіме бәйгесінде жылдың лауреаты атанды. «Ең үздік роман» байқауында жүлдегер. Халықаралық «Дарабоз» әдеби бәйгесінің бас жеңімпазы.
Қазақ радиосы республика бойынша жүргізген сауалнама қорытындысы бойынша 2008 жылдың, «Халық сөзі» саяси-қоғамдық газетінің ел арасында жүргізген сауалнама-зерттеуі қорытындысында 2012 «Жылдың үздік қаламгері».
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты. Халықаралық "Рух" әдеби конкурсының бас жүлдегері.
Кітаптары:
1. «Алма ағашының бұтағы» (повесттер)
2. «Әнім сен едің» (повесттер)
3. «Көгілдір көйлекті келіншек» (повесттер)
4. «Айғыркісі» және «Мінез» 2 томдық (роман, повесттер мен әңгімелер)
5. «Аты жоқ әңгіме» (повесть, әңгімелер)
6. «Ойынды еті он бөлек» (публицистика)
Белгілі жазушы Жүсіпбек Қорғасбектің ҚР мемлекеттік сыйлығы туралы "Мәртебелі сыйлық һәм киіз ұ...
Өткен ғасырдың жетпісінші-сексенінші жылдары балалар мен жасөспірімдер әдебиеті бойынша өткізіліп тұ...
Несіпбек ДәутайұлыБаяғыдан, алты ай жаз, сонау қар алғаш түскенге дейін қымыздан аузы құрғамайтын Ес...
– Несаға, қоғам тоқырауға ұшыраса, қаламгер халқының танымдық деңгейін көтерудің жолын қарасты...