Омарғазы Айтанұлы
АҚЫНОмарғазы Айтанұлы – 1931 жылы 20- қарашада бүгінде Қытай қармағындағы Тарбағатау аймағы, Толы ауданының Майлы тауында туылған. Орта мектіпті үздік бітіріп заман талабына сай ұстаздық қызметін атқара жүріп, 1957 жылы Шынжаң иниститутының әдебиет факультетін бітіріп шыққан талант иесі «Шұғыла» журналына редактор болып тағайындалады. Өкінішке орай, солақай саясат салдарынан жалынды жастың жұлдызды шағы бұлтқа оранып, көп боздақтың қатарында тас түрмеге айдалып кете береді. от шайнаған жастығында опық қапқан ақын осылайша өмірінің жирма жылдан астам уақытын қытай саясатының құрбанына шалады. Осылайша тар есік, тас босағада айдауда болған ақын, 1978 жылы ақталып туған елімен қауышып, қарагер қаламын қайтадан қолға алады. Ой-өрісі шыңдалып, қаламы төселген шағында, 1988 жылы кәсіптік жазушылыққа шығады. Ол Жұңго жазушылар қоғамының мүшесі, Шынжаң жазушылар қоғамының бұрынғы тұрақты жорасы, Шыңжаң фольклор қоғамының мүшесі, мемлекеттік үздік редактор, I- дәрежелі кәсіптік жазушы. Қажырлы қаламгер 1992 жылы 26-сәуірде Үрімжіде қайтыс болады.
ЖасыруОмарғазы Айтанұлы Омарғазы Айтанұлы 1931 жылы 20 қарашада Шынжаңның Тарбағатай аймағы, Толы ауданыны...