Рахметолла Райымқұлов
ЖАЗУШЫ1929 жылы төрт кластық білімімен Ташкент қаласындағы Қазақ педагогикалық техникумына түскен. Оны 1933 жылы бітіріп, Ташкент облысының Жоғары Шыршық ауданында өзі оқыған мектепте мұғалім болған.
Аудандық «Алға» газетінің редакторы қызметін атқарады. Сол жылдардан бастап ұзақ уақыт баспасөзде істеген. 1935–1936 жылы Ташкенттегі педагогикалық институтта оқиды. 1937 жылы Алматыдағы Қазақстан Коммунистік Журналистер институтына ауысып, оны 1939 жылы бітіріп шығады да, «Сталин жолы» (қазіргі «Қазақстан әйелдері») журналына жауапты хатшы қызметіне қалдырылады. 1941 жылы «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетіне ауысады. Сол жылы майданға кетіп, 1946 жылдың қаңтарына дейін әскер қатарында болды. Соғыстан оралысымен Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде очерк және фельетон жанрларынан семинар сабағын жүргізеді,
1949–1953 жж. Полиграфия және баспасөз қызметкерлері кәсіподағы республикалық комитетінің төрағасы болып екі рет сайланады. 1953–1961 жж. «Жұлдыз» журналында жауапты хатшы, «Қазақ әдебиетінде», «Жұлдыз» журналында проза бөлімінің меңгерушісі болды. 1971 жылдан Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы көркем әдебиетті насихаттау бюросы директорының орынбасары болып істеген. Аударма саласында С.Айнидың «Бұқара» трилогиясының екі кітабын қазақшалаған. Біраз туындысы орыс тіліне аударылған. Бірнеше орден, медальдармен марапатталған.
Шығармалары: Уәде. Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1958; Жасыл белес. Повесть. А., ҚМКӘБ, 1960; Түйелі адам. Повесть. А., ҚМКӘБ, 1962; Балдақты адам. Повесть. А., ҚМКӘБ, 1964; Шығармаларының екі томдығы. А., «Жазушы», 1981; Қара жорға. Роман. «Жазушы», 1993; 2003 жылы 3 томдық шығармалары жарық көрді.
Бүгін қазақтың көрнекті жазушысы, Ұлы Отан соғысының ардагері Рахметолла Райымқұловтың&nbs...