Сейтақ Айбатыр
Биография
Толығырақ
Сейтақ Айбатыр 1966 жылы 28 ақпанда Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Орда ауылында туған. 1989–1997 жылдары Орал және Қостанай облыстық телерадиокомпанияларында теледидар редакторы болып жұмыс істеген. «Сарыарқа» журналы бас редакторының орынбасары, «Жас Алаш» газетінің Астана қаласындағы меншікті тілшісі, «ҚазАқпарат» агенттігінің тілшісі қызметтерін атқарған.
Қазір ҚР Парламенті Мәжіліс Аппараты баспасөз қызметінің бас сарапшысы.
1988 жылы «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газеті өткізген «Жыр-жарыс» бәйгесінің жүлдегері, 1990 жылы Жұбан Молдағалиевтің 70 жылдығына арналған мүшәйраның жеңімпазы, 1993 жылы Бұқар жыраудың 325 жылдығындағы мүшәйрада үшінші орынды иеленген. 1996 және 2000 жылдары «Сорос-Қазақстан» халықаралық қоры ұйымдастырған ақындар байқауының лауреаты. 1999 жылғы Қазақстан Республикасы Президенті стипендиясының иегері. 1997 жылы «Жазушы» баспасынан «Ғұмырнама» атты жыр жинағы жарық көрді.
Қайнар көз: http://writers.kz
Жасыру

Мемлекет өзіңді қастерлеп сақтасын!..
АТА ЗАҢ ТУРАЛЫ ОДА(Меңзеу)Кішкентай кітапта жазылған барлығы–Бүгінгі елімнің ертеңгі тағдыры.Е...