Тәкен Әлімқұлов
ЖАЗУШЫТәкен Әлімқұлов (1918–1987) 22 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданында дүниеге келген.
1937 жылы Ащысай кенінде жұмысшы жастардың кешкі мектебінде аз уақыт оқиды. Шымкент қорғасын зауытындағы кеншілердің мөлтек газетінде екі тілде хабар жазып, қалам ұштаған ол 1946 жылы «Оңтүстік Қазақстан» газетіне жауапты хатшы боп орналасады. Көп ұзамай Алматыға «Лениншіл жасқа» (қазіргі «Жас алаш») ауысады. Осы газетте оның журналистік стилі қалыптасады.
1949 жылы Мәскеудің М.Горький атындағы әдебиет институтына оқуға түседі. Өлең жазып, әдеби сынмен шұғылдана жүріп, аударма саласында елеулі еңбек етеді.
П.Павленконың «Бақытын», В.Поповтың «Құрыш пен қоқысын», Г.Николаеваның «Орақ үстіндесін», А.М.Горькийдің «Зеріктірген дүние» атты памфлетін аударған. Оның Низамиден, Пушкиннен, Лермонтовтан, Маяковскийден аударған өлеңдері мен поэмалары оқырман жұртшылықтың көңілінен шықты.
1955–1970 жж. КСРО Жазушылар одағында қызмет атқарады. Орыс тілінде жазған сын мақалалары Мәскеудің «Советский писатель» баспасынан «О прошлом и настоящем» деген атпен жарық көрді. Қазақ жазушыларының шығармаларын арагідік орыс тіліне аударған.
Шығармалары: Сапар. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1950; Жемісті жолда. Әдебисын мақалалар. А., ҚМКӘБ, 1958; Ақбоз ат. Роман. А., ҚМКӘБ, 1962; Жазғы жаңбырлар. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1962; Сейтек сарыны. Повесть. А., «Жазушы», 1966; Туған ауылда. Әңгімелер. А., «Жазушы», 1968; Бозжорға. Өлеңдер. «Жазушы», 1969; Күрең өзен. Повесть және әңгімелер. А., «Жазушы, 1971; Жұмбақ жан. Абай туралы деректі хикая. А., «Жазушы», 1972; Кертолғау. Повесть және әңгімелер. А., «Жазушы», 1973; Вся жизнь впереди. Повесть и рассказы. А., «Жазушы», 1974; Тұлпарлар тағдыры. Роман. Повестер мен әңгімелер. А., «Жазушы», 1975; Шежірелі сахара. Повестер мен әңгімелер. А., «Жазушы», 1976; Жұмбақ жан. Зерттеу. А.
Қасым Аманжоловтың «Дариға қызы» кім?
Қасым АМАНЖОЛОВТЫҢ «Дариға, сол қыз!» деген өлеңі бар. Екінші Дүниежүзілік соғыстан...
Тәкен Әлімқұловтың әңгімелері мен хикаяттарының тіл ерекшеліктері
Жазушы Тәкен Әлімқұлов шығармаларында көптеген өнегелі, жүрекке жылы тиетін, болмаса міндетін...
Тәкен Әлімқұлов. Көкпар (әңгіме)
Қауынды көп жейтін Тарбан қатты қызылсыраған. Бір күні шекесі шағып, ыстық іздегенде, есіне көк серк...
Тәкен Әлімқұлов. Қош бол, Абсент!
Қатар-қатар орналасқан темір құрсаудағы жылқының тіршілігі бір қалыпты өтіп жатады. Қолдан бер...
Тәкен Әлімқұловтың жарияланбаған жырлары
«Қазақ әдебиеті» газетінің аса көрнекті тұлғаларға арналған «Тұлға» қосымша...
ӘЛІМҚҰЛОВ ӘЛЕМІНЕ ЕНСЕМ ДЕП ЕМ…
«Орыс қызға ғашық болған Тәкен Әлімқұлов көкеміздей-ақ болсын. Көп жылдар Мәскеуде тұрды...