Смағұл Елубай
ЖАЗУШЫЕлубай Смағұл 1947 жылы 9 наурызда Түрікменстанда туған. 1961 жылы Қазақстанға қоныс аударған. 1971 жылы ҚазМУдің журналистика факультетін, 1975 жылы Мәскеудегі сценаристер даярлайтын 2 жылдық жоғары курсты бітіреді.
1976 жылдан 1992 жылға дейін «Қазақфильм» киностудиясында шығармашылық жұмыстарда болды. 1992–1995 жж. «Парасат» журналының Бас редакторы, 1995 жылдан бастап Прагада, Американың «Азат Еуропа және Азаттық» радиосында қызметте болды.
«Ойсыл Қара», «Саттар соқпағы», «Білте шамның жарығы», «Жарық дүние» хикаялар жинағының және «Ақ боз үй», «Мінәжат», «Жалған дүние» романдарының, «Қызыл отау», «Өтелмеген парыз», «Ай астындағы үй», «Сұрапыл Сұржекей», «Батыр Баян», «Кек» көркемсуретті фильмдер сценарийінің авторы.
Жазушы шығармашылығының негізгі тақырыбы – қазақ халқы кеңестік дәуірде бастан кешкен нәубетті кезеңдер. «Ақ боз үй», «Мінәжат» романдары ашаршылық, сталиндік қуғынсүргін жылдарын қамтыса, трилогияның үшінші кітабы – «Жалған дүние» романы (2001) айтулы «тоқырау заманы» дейтін кезеңге арналған.
«Құрмет» орденімен марапатталған.
Қазақ жазушысы қолды болған сценарийіне байланысты Мәдениет және спорт министріне ашық хат жолдадыКо...
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі А.Р. Райымқұлова ханымға!Құрметті Ақтоты Рахм...
Жазушы Смағұл Елубай ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен не туралы сөйлескенін айтып берді, деп хаб...
Белгілі қаламгер Смағұл Елубаевтың екі томдық таңдамалы шы ғармалар жинағының екінші томына «Қ...
Көрнекті жазушы Смағұл Елубаевтың бұл таңдамалы шығармалар жинағына оқырман қауымға әйгілі &la...
«…Енді мен сынға қалай келгенімді айтайын. Бала кезінен қолға қалам ұстаған қазақтардың...
– Смағұл аға, Қазақ елінің Тәуелсіздікке қол жеткізгеніне де ширек ғасыр уақыт болыпты. Азатты...
Ұлықбек Есдәулет:1988 жылы жас қаламгерледің ынтасымен осы қуғын-сүргін және ашаршылық апаты жайлы Ж...
Қазақстан Жазушылар одағының ұйымдастыруымен Əдебиетшілер үйінде Алаш арыстары мен ашаршылық құрбанд...