Төлен Әбдікұлы
ЖАЗУШЫҚазақ прозасында өзінің ерекше қолтаңбасы бар, қаламынан таным тамшылары мөлдіреген қабырғалы жазушы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдікұлы 1942 жылы 4 қыркүйекте Қостанай облысы Жангелді ауданы "Еңбек" ауылында дүниеге келген. Қазақстанның еңбек сііірген Қайраткері (2002). 1965 жылы Қазақ Ұлттық университетін бітірген. 1965-70 жылдары "Қазақстан пионері" (қазіргі "Ұлан") газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеген. 1970-77 жылдары «Жалын» альманағында бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, 1977-79 жылдары «Қазақфильм» киностудиясында бас редактор, 1979-90 жылдары Қазақстан Коммунистіг партиясының орталық комитетінде жауапты қызметте болды. 1990-92 жылдары "Қазақ әдебиеті" газетные бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының екінші хатшысы болды. 1993 жылдан Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілінінінің сектор меңгерушісі. 1997 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президент аппараты ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің бірінші орынбасары болып қызмет етті.
Төлен Әбдіковтың шығармалары 1964 жылдан жариялана бастады. Бірінші "Көкжиек" жинағы 1969 жылы, одан кейін "Күзгі жапырақ" 1971 жылы жарық көрді. 1974 жылы "Ақиқат" атты повествер мен әңгімелер жинағы дүниеге келді. 1979 жылы «Айтылмаған ақиқат» әңгіме-повествер жинақтары, 1980-1981 гг. Жылдары орыс тілінде «Истина» әңгімелері мен повествері деген атпен жарық көрген. 1985 жылы "Өлі ара", "Біз үшеу едік" пьесасы республикалық театр сахналарында қойылды. Грек аңыздары "Эллада ерлерін" қазақ тіліне аударған. Бірнеше шығармалары шетел тілдеріне аударылған. 1987 жылы "Ақшоқыда қыс қатты" және 2002 жылы "Парасат майданы" жазылған. Халықаралық Франц Кафка атындағы орденімен марапатталды. Халықаралық Ф. Кафка атындағы Қазақстандағы ПЕН клуб сыйлығының лауреаты (2003). Еуропалық алтын медальдің (2003), Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегері (2004). Жазушының ең танымал кітаптары 13 түркі тіліне аударылған болатын. Осыған орай Қазақстан жазушысы бұл шара аясында 2013 жылы «Түркі дүниесінің таңдаулы жазушысы» атағына ие болып, салтанатты түрде марапатталды.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2004).
Тұңғыш рет 1969 жылы «Көкжиек» әңгімелер жинағы жарық көріп, қазақ әдебиетіне философиялы проза жанрын ала келген белгіл жазушы.
Жазушы 10-нан астам повесть, әңгіме, 1 роман, 2 пьеса авторы. Ал, тырнақ алды «Райхан» атты әңгімесін қаламгер 20 жасында жазыпты. Бұдан кейін де Төлен Әбдіковтың қаламы қарымды бола түсті. «Күзгі жапырақ», «Ақиқат», «Айтылмаған ақиқат», орыс тілінде «Истина» атты повествер мен әңгімелер жинағы оқырмандарға ұсынылды. «Өліара», «Біз үшеу едік» пьесасы республикалық театр сахналарында қойылды. Грек аңыздары "Эллада ерлерін" қазақ тіліне аударған. Сонымен қатар, бірнеше шығармалары шетел тілдеріне аударылды. Ал, соңғы жылдары «Ардагер» атты пьеса мен «Тұғыр мен ғұмыр» атты повесті жарыққа шығарды.
Фотосурет авторы Бауыржан Қарағызұлы***Періштедей тәнім таза Арым мөлдір кезімнен, Перғауының мазары...
ХХ ғасырдың 70 жылдарындағы прозада шығармалардағы мекен мен мезгілдің нақтыланбауы, жазушылардың ке...
(БҰҰ-ның 6 тіліне аударылған «Қазіргі қазақ прозасының антологиясы», «...
ТӨЛЕН ӘБДІКҰЛЫ(повесть)Всякая власть - от Бога,это я признаю;но и всякая болезнь от Него же...Жан-Жа...
Қайсыбiрде ойлап отырсаң, адам өмiрiнде бiр-ақ рет оңбай қатты ашуланатын тәрiздi. Өйткенi, өмiр бой...
1996 жылы «Қазақстан» телеарнасынан көрсетілген «ӨМІР – ӨЗЕН» хабары.&...
ПАРАСАТТЫ ҰЛТШЫЛДЫҚ ПЕН ЖАБАЙЫ ҰЛТШЫЛДЫҚТЫҢ АРАСЫ– Сіздер «қаламы жүйрік жазуш...
Төлен Әбдіктің 1985 жылы жарыққа шыққан романы.
Төлен Әбдікұлы(Дәрігердің әңгімесі)Біздің психиатриялық аурухана қаланың батыс жағында, ернеуін...