Қадыр Тайшықов
ЖАЗУШЫҚадыр Тайшықов (1900–1937) Павлодар облысы, Баянауылда туған.
1926 жылы Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университетіне түседі. 1928 жылы «Еңбекші қазақ», 1932 жылы «Оңтүстік Қазақстан» газеттерінде әдеби қызметкер, 1933–1937 жж. Қазақ мемлекеттік баспасында редактор болған. «Мөлтең», «Бұйрас», «Қабсыңқа» деген лақап атпен жарияланған әңгімелері мен фельетондары бар. 1935 жылы «Күлмесек не?» атты сатиралық жинағы, 1936 жылы «Октябрь ұшқыны» атты кітабы жарық көрді.
Гогольдің «Өлі жандар», Фурмановтың «Чапаев», М.Кольцовтың «Иван Вадимович өз дәрежесіндегі кісі» атты роман, повестерін аударған.
Қадыр Тайшықовтың атындағы онлайн байқауының қорытындысы шықты
Ертіс-Баян өңірі алғашқы республикалық сатиралық шығармалар байқауын ұйымдастырды Павлодар облысынд...
Тайшықовты танимыз ба?
Қадыр Тайшықов – ақын, жазушы, журналист, сықақшы, аудармашы, әнші, композитор, музыкант...
Сатиралық шығармаларға арналған онлайн байқауы жариялады
Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Мәдениет порталы»...