Өтеш Қырғызбаев
ЖАЗУШЫ
Биография
Толығырақ
Өтеш Қырғызбаев - 1953 жылы 10 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Қужатай ауылында туған. Мектеп бітірген соң, 1970–1972 жж. Созақ аудандық «Молшылық үшін» газетінде жұмыс істеген. ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген соң, 1978–1984 жж. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде, одан кейін «Жалын» баспасында еңбек еткен.
2005 жылдан бері «Алматы ақшамы» газеті мәдениет бөлімінің меңгерушісі болып қызмет істейді. «Немере», «Адыраспан», «Ұлым менің, ғұмырым менің», «Асқар ұшқан ұя», «Қарабура әулиенің асы», «Созақ көтерілісі», «Асқаршың», «Тарланбоз Тәкен», «Сүгір», «Теріскей түлегі», «Сөз зергері Ісләм Жарылғапов» атты кітаптардың авторы. 2002 жылғы Созақ ауданы әкімінің «Жылдың ең үздік жазушысы» сыйлығының иегері. Қазақстан Жазушылар одағы мен «ZHERSU» корпорациясы ұйымдастырған Халықаралық «Дарабоз» байқауының 2006 жылғы жүлдегері. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталған.
Жасыру