Төлеген Айбергенов
АҚЫНТөлеген Айбергенов (1937–1967) - 8 наурызда Қарақалпақстанның Қоңырат ауданында туған. Ташкент педагогикалық институтын бітірген (1959).
1959–1962 жж. Қоңырат ауданындағы орта мектепте мұғалім, 1962–1965 жж. Шымкент облысының Сарыағаш ауданындағы кешкі жастар мектебінде директор, 1965 жылдан Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы әдебиетті насихаттау бюросында қызмет істеді. Өлеңдері республикалық баспасөзде 1957 жылдан жарияланды. Туған жерге деген албырт сағыныш пен мөлдір махаббатқа толы бір топ өлеңдері 1961 жылы шыққан «Жас дәурен» атты ұжымдық жинақта басылды. Қазақ поэзиясына өзіндік жаңа ырғақ, тегеурінді екпін әкелген поэтикалық жыр кітаптары: «Арман сапары» (1963), «Өмірге саяхат» (1965), «Құмдағы мұнаралар» (1968), «Мен саған ғашық едім» (1970), «Аманат» (1975), «Бір тойым бар» (1981), балаларға арналған «Бақшаға саяхат» суреткітапшасы (1985) жарық көрді. Сондайақ орыс тілінде «Мир созвездия» (1987) деген атпен таңдамалы өлеңдері аударылып басылды. «Ақерке Жайық», «Жаңғырған Маңғыстау», «Қазақстан», «Сені ойладым», «Мені ойла», «Ақ қайыңдар», «Бір тойым бар», т.б. өлеңдеріне жазылған әндер ел арасына кеңінен танымал.
Бүгін – Дүниежүзілік поэзия күні! ЮНЕСКО Бас конференциясының 1999 жылдың 30-ыншы се...
Светқали Нұржан, ақын Бисмилләһи рахман-рахим!..Жастық жыршысы жайлы сөз бастағасын, жастық шағ...
Жақында кітаптарымды жинастырып отрысам, Евгений Долматовскийдің Москвада шыққан «...
Әлі есімде, елуінші жылдың соңы мен алпысыншы жылдың орта шені менің өмірімдегі қызығы мол ұмытылмас...
Әкем ақын Төлеген Айбергеновтің дүниеден ерте кеткені баршаға аян. Небәрі 30 да ғана болатын. Сол аз...
Ол кезде бізді ешкім де тәптіштеп таныстырып жатпаушы еді. Жаңа жазып, жүрт көзіне енді іліге бастағ...
Төлеген Айбергенов Қарақалпақ елінің Қоңырат ауданында дүниеге келген. Ташкенттегі Низами атындағы п...