Төлеген Қажыбай
АҚЫНТөлеген Қажыбай прозалық және поэзиялық отыздан астам кітаптың, оннан астам драманың, қырықтан астам ән текстерінің авторы.
Көрнекті ақын, жазушы Төлеген Сыздықұлы 1942 жылы желтоқсанның 12 жұлдызында бұрынғы Көкшетау облысы, Чкалов ауданындағы Қарағаш ауылында дүниеге келген.
Өз туған ауылы осы өңірдің көнекөз шежірелері, қариялардың жадындағы көптеген аңыз – әңгіме, дастандар ауыз әдебиетінің небір тамаша үлгілері болашақ жазушының әдебиетке барар алғашқы баспалдақтары болды.
Төлеген Қажыбайдың бала шағынан жыр әлеміне қанаттандырар, нәр алар қайнар көзі,бастау бұлағы – өзінің немере ағасы, қазақтың белгілі ақыны Жақан Сыздықов болды. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» дегендей болашақ ақынға немере ағасының өнердегі өнегелі жолы, поэзиядағы биік үні қатты әсер еткен.
Қиын-қыстау жылдардағы балалық шақ Төлеген Қажыбайды ерте есейтіп, сезімтал, өмір сырын ерте аңғартуға себепші етті.
Мектеп қабырғасында жүрген кездің өзінде - ақ болашақ ақынның алғашқы өлеңдері қабырға газетінде, баспасөз беттерінде жариялана бастады. Ол Көкшетау қаласындағы Мәлік Ғабдуллин атындағы № 3 пансионат-интернатты бітіріп, Қарағаш сегізжылдык мектебінде бір жыл мұғалім болып қызмет жолын бастады.
Арман қуған, жас талапкер 1961 жылы сол кездегі астанамыз Алматыға оқуға аттанып, Абай атындағы педагогикалық институтының филология факультетіне түсіп, оны 1966 жылы тәмәмдайды.
Ең алғаш "Көкшетау правдасы" газетінде әдеби қызметкер болып орналасқан.
1968 -1972 жылдары Целиноград облыстық «Коммунизм нұры» газетінде, облыстық телевидение, радио хабарларын тарату комитетінде аға редактор болды.
1972 жылдан «Көкшетау правдасы» газетінде әдеби қызметкер, мәдениет, партия тұрмысы бөлімдерінің меңгерушісі, жауапты хатшы, редактордың орынбасары қызметін атқарды. Облыс тарағанда «Солтүстік Қазақстан» газеті Көкшетау аумақтык тілшілер қосынының, «Арқа ажары» газеттерінің тілшілер қосынының жетекшісі қызметін атқарды.
1972 жылдан журналистер Одағының, 1975 жылдан жазушылар Одағының мүшесі. Қазақстан жазушылар Одағының басқарма мүшесі, Одақтың Ақмола облыстық филиалының төрағасы. Қазіргі таңда «Бұқпа» газеті редакторының орынбасары болып қызмет атқаруда.
Облыстың рухани – мәдени шараларына белсене араласып талай игі істердің ұйытқысы, ұйымдастырушысы бола білді. Осындай қажырлы еңбегі үшін 1980 жылы «Қазақ ССР-інің еңбек сінірген мәдениет қызметкері» атағы берілді. Қазақстан Журналистер одағы Ахмет Байтұрсынов атындағы сыйлықтың иегері. Қаламгерді «Алтын адам» белгісімен юбилейлік медальмен марапаттады. Көкшетау каласының Құрметті азаматы.
1977 жылы «Жол басы» атты өлендер жинағы, 1980 жылы «Айналайын атыңнан" атты повесть пен әнгімелер жинағы, 1984 жылы «Құланның қырғыны», 1985 жылы «Жанымның жапырақтары» өлеңдері мен поэмалары жарық көрді. Ал 1989 жылы шыққан «Махаббат әні» повестер мен әнгімелері ақиық әнші Біржан сал өмірінің бір белестерін қамтиды. 1992 жылы «Өмір, сені жырлаймын», 1995 жылы 1931-1933 жылдарғы ашаршылықты суреттеп берген «Қанкешу» романы жарық көрді. 1996 жылы «Жырлайды жүрек», «Сексен көлдің сылдыры» атты өлеңдер жинағы оқырмандардың көңілінен шықты.
Қарасай батырға арналған «Қарасай – дастан» жыр жинағы 1998 жылы жарық көрді. «Жыр- ғұмыр» жинағы 2000 жылы шықты.
Қазақтың ең соңғы күрескер ханы Кенесары Қасымұлының 200 жылдығына арналған «Хан Кене», «Алдияр» толғаулар, дастандар, драмалар жинағы 2002 жылы оқырмандаға ұсынылды. Үлкен шығармаларының бірі «Жеті желі» атты кітабы шықты. 2005-2006 жылдарда қаламгердің «Ақиқат жолы - алыс жол», «Путь к истине» және «Тұлғалар тағлымы» атты кітаптары жарық көрді. Автор он тоғыз драманың авторы.
Қаламгердің журналистикадағы өнімді еңбегі күнделікті басылымдарда жарияланған мақалаларынан басқа 1982 жылы «Мектеп» баспасынан шыққан "Көкшетау қарлығаштары" очерктер жинағынан байқалады.
Ақын жырлары орыс, украин т. б. тілдерге аударылып басқа да халықтарға танылды.
Т. Қажыбаев өзінің шығармашылык өресін аударма саласында көрсетіп жүр.
Аудармашы ретінде ақын И. Тарабарин, Л. Кривощековтың, «Теңіз қарлығаштарьг» атты Эстон поэзиясының антологиясы, «Тау бұлағы» атты Солтүстік Кавказ ақындарының өлеңдерін аударуға қатысты. Жапон әдебиетінің классиктері Акутагава Рюноскэнің новеллаларын, Юкио Мисиманың «Алтын ғибратхана» романын аударған.
Ақын, жазушы, драматург, журналист Төлеген Қажыбайдың шығармалары оқырман қауымның жүрегін баурай беретін қызықты да әсерлі, мәнді де мазмұнды шығармаларға толыға бермек.
Әдебиеттер тізімі
1. Қажыбаев Т. Көкшені сүйген жүрекпен [Мәтін] //Көкшетау. – 1997. – 27 наурыз.
2. Қажыбаев Т. Жан сырымды ақтарып... [Мәтін] //Арқа ажары. –2000. – 4 наурыз.
3. Қажыбаев Т. (Ел аузынан жазып алып әзірлеген) Ақан серінің Науан Хазіретпен қоштасу жыры [Мәтін] //Арқа ажары. – 2001. –13 қаңтар.
4. Қажыбаев Т. Талғам мен баға [Мәтін] //Арқа ажары. – 2001. – 26 сәуір.
5. Ақынды құрметтейтін елге келдік [Мәтін]
6. Қажыбаев Т. Тайлақ анаға тағзым [Мәтін] //Арқа ажары. – 2001. – 21 сәуір.
8. Қажыбаев Т. Ұстаз – ұрпақ мақтанышы [Мәтін] //Арқа ажары. – 2001. – 7 маусым.
Төлеген Қажыбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы:
1. Ақтаев С. Жалғас жыр, алмас қыр //Қажыбаев Т. Тұлғалар тағылымы: Эсселер, естеліктер, ой-толғамдар. [Мәтін] - Көкшетау.- 2006.- 8 б.
2. Ахатұлы Н. Алғы сөз орнына [Мәтін] //Ғибрат.- Көкшетау.- 2002.- 3-5 б.
3. Дарынды ақын, дарынды жазушы, жүйрік журналист Төлеген Қажыбаев 60 жаста [Мәтін] //Көкшетау.- 2002.- 6 желтоқсан.
4. Әбдіхалықов Ж. Елімнің асыл бір ұлы: Ақын, жазушы, драматург, публицист Төлеген қажыбаев 60 жаста [Мәтін]
5. Қажыбаев А. Төлеген Қажыбай публицистикасындағы тарихи тұлғалар мен өнер адамдары [Мәтін]//Көкшетау.-2004.
7. Салықов К. Қаламгерлік өнердің қазанаты [Мәтін]//Қажыбаев Т. Жәпек батыр.- Көкшетау,2004.- 4-9 б.
8. Ыбыраев Ш. «Мұңсыз жанның жанарынан қорықтым» [Мәтін]//Қажыбаев Т. Самурайдың серт семсері: Поэзия. Проза. Драма.- Көкшетау, 2008.- 5 б.
Төлеген Қажыбайұлының шығармалары:
1. Қажыбаев Т. Көшкенұлы С. Айналайын ақ мекен. - Көкшетау, 2008.
2. Қажыбаев Т. Айналайын атыңнан. Әңгімелер және повесть.- Алматы: Жалын, 1980. - 128 б.
3. Қажыбаев Т. Ақиқат жолы – алыс жол. Ғұмырнама. – Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2005. - 384 б.
4. Қажыбаев Т. Алдияр. Дастандар, драмалар. - Көкшетау, 2002. - 124 б.
5. Қажыбай Т. Баталар тоғысы: Жинақ.- Көкшетау, 2009. - 30 б.
6. Қажыбаев Т. Ғибрат: Ақын, жазушы, драматург Төлеген Қажыбай шығармашылығына арналған. - Көкшетау.- 2002. - 160 б.
7. Қажыбаев Т. Жанымның жапырақтары: Өлеңдер, поэмалар. - Алматы:Жазушы, 1985. – 96 б.
8. Қажыбаев Т. Жәпек батыр.Тарихи дастан.- Көкшетау, 2004.- 156 б.
9. Қажыбаев Т. Жол басы. Өлеңдер мен поэма. - Алматы: Жалын, 1977.
10. Қажыбаев Т. Жыр арнадым сіздерге. (Арнау өлеңдер топтамасы). - Көкшетау, 2010.
11. Қажыбаев Т. Жыр – ғұмыр. - (Өлеңдер мен балладалар жинағы).- Астана, 1999.
12. Қажыбаев Т. Қарасай – дастан. - Көкшетау, 1998.
13. Қажыбаев Т. Махаббат әні: Повестер мен әңгімелер. - Алматы Жазушы, 1989. - 176 б.
14. Қажыбаев Т. «Қанкешу». Ақмола облыстық «АҚ ҚҰС» бірлестігінің «Қаламгер» шығармашылық алқасы. - Ақмола, 1995.
15. Қажыбаев Т. Самурайдың серт семсері: (Поэзия. Проза. Драма.) - Көкшетау, 2008. - 255 б.
16. Қажыбай Т. Сәуле менің ауылым. (Тарихи – ғұмырнамалық жинақ). Көкшетау, 2008. - 460 б.
17. Қажыбаев Т. Сейіт – Бөкен хикаясы. - Көкшетау, 2003.- 48 б.
18. Қажыбаев Т. Тұлғалар тағылымы (Эсселер, естеліктер, ой-толғамдар).- Көкшетау, 2006. - 212 б.
19. Қажыбаев Т. Хан кене. Толғаулар, дастандар, драмалар. - Алматы: "Жібек жолы" Баспа үйі, 2002. -184 б.
ҚАСІРЕТ ПЕН ҚАЙСАРЛЫҚ, ШЫРҒАЛАҢ КЕЗЕҢ ЖЫРЛАРЫ НЕМЕСЕ ОЙЛЫ ДА АСҚАҚ ПОЭЗИЯ ОРБИТАСЫ (Зерделі ойд...