Қасым Қайсенов
ЖАЗУШЫ Қасым Қайсенов 1918 жылы сәуір айының 23 күні Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Асу-бұлақ аулында кедей шаруа отбасында туған.
Туған ауылында жетіжылдық мектепті бітіргеннен соң Өскемен қаласындағы саяси-ағарту техникумына түсіп оны 1938 жылы бітіріп шығады. Алғыр жас түлек оқуды бітіре салысымен сол жылы техникум маңынан ашылған cаяси ағарту курсына басшылық етуге тағайындалады. 1938-39 жылдары Павлодар облыстық оқу бөлімінде инспекторлық қызмет атқарады. Ал 1939 жылы әскери-барлаушылар мектебіне қабылданып ол оқу орнын 1941 жылдың күзінде бітіреді. Бұл уақытта фашист басқыншылары Отанымыздың батыстағы көп жерлерін жаулап алып қойған болатын.
1941 жылдың караша айында ол Оңтүстік-батыс майданы штабының қарамағына жіберіліп, штабтың арнайы тапсырмасымен жау жайлаған Украина жеріне парашютпен түсіріледі. 1941-1942 жылдары Киев, Полтав облыстарында коммунистердің астыртын ұйым жұмыстарына белсене араласып Чапаев атындағы партизан құрамасын ұйымдастырысып, кейіннен сол партизан құрамасының үшінші партизан отрядына басшылық етеді.
1943 жылдың қыркүйек айының 21 күні Чапаев атындағы партизан құрамасы Совет Армиясымен қосылғаннан кейін ол тағы да жау тылына жіберіліп, төрт рет арнайы тапсырмамен Украина, Молдавия, Румыния, Чехословакия жерлерінде партизан отрядтарын басқарады. 1944 жылдың қараша айының екінші жартысында Карпат тауында партизан отрядтары 44-Украин майданы әскери бөлімдерімен қосылған соң, осы майдан әскері құрамында соғыстың соңына дейін жаумен шайқасып, 1945 жылдың басында туған еліне оралады. 1945-1946 жылдары Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумы аппаратында референт қызметінде болады, 1946-1949 жылдары Жамбыл облысының Жуалы, Свердлов аудандарында аудандық атқару комитеттері председательдерінің орынбасары, 1949-1950 жылдар аралығында ҚазССР жеңіл өнеркәсіп Министірлігінде кадр бөлімінде аға инспекторы қызметтерін атқарады. 1951-1953 жылдары Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитеті жанындағы партиялық мектептің аудармашылар даярлайтын бөліміне оқуға жіберіледі.
Оны 1953 жылы бітірген соң ұзақ уақыт «Қазақ елі», «Жазушы», «Қайнар», баспаларында редактор, баспа директорларының орынбасарлары болып және Қазақстан Жазушылар одағында жауапты қызметтер атқарады.
Қ. Қайсенов 1957 жылдан Қазақстан Жазушылар одағына мүше.
Қ. Қайсенов қолбасшылық ордені «Богдан Хмельницкий», «Чехославакия партизаны», II, III-дәрежелі «За заслуги» және 2 рет I дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» орденімен шетелдердің және Совет Одағының медальдарымен сонымен қатар Қазақ ССР-нің, Украин ССР-ның «Құрмет грамоталарымен» марапатталған.
1995 жылы 24 сәуірде оған «Халық қаһарманы» атағы және армия полковнигі деген шен берілді. 2003 жылы Халықаралық
А. Фадеев атындағы сыйлықтың, жазушылар одағының Б. Момышұлы атындағы әдеби сыйлығының иегері болды.
Өскемен облысы Ұлан ауданының және Арқалық қаласының құрметті азаматы. Республикамызда оның атында орта, орталау мектептер, елді мекендерде оның атында көшелер бар. Мемлекеттік Шығыс Қазақстан және Қарағанды университеттерінің құрметті профессоры.
Қ. Қайсенов 2006 жылы қайтыс болған.
Халық қаһарманы Қасым Қайсенов туралы үзік сыр...Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың аяқталғанына...
Соғыс адамзат тарихындағы ең ауыр зұлматтардың бірі. Ол адам баласы пайда болғаннан бері бірге жасап...
Қасым Қайсенов – жер бетіндегі ең жойқын шайқаста жауға етегінен шалдыртпай, жағасынан алдыртп...