Төлеген Жанғалиев
АҚЫН
Биография
Толығырақ
Жанғалиев Төлеген 1950 жылы 27 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында туған.
1973 жылы Семей пединститутын, 1982 жылы Алматы Жоғары партия мектебін бітірген.
1982–1999 жж. Абай аудандық партия комитетінің идеология жөніндегі хатшысы, аудан әкімінің орынбасары болып істеген.
Жыр топтамасы алғаш рет республика жас ақындарының «Қарлығаш» (1978), сонан соң «Сыр сапар» (1980), «Тоғыз перне» (1981) атты ұжымдық жинақтарында жарияланды. Баспалардан әр жылдары алты кітабы жарық көрді.
Жас ақындардың республикалық «Жігер» фестивалінің (1978), Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлықтың (1996) лауреаты, Шығыс Қазақстан облыстық жазба ақындар мүшәйрасының бас жүлдегері.
Шығармалары: Жүрегім сөйлеп тұрғанда. Өлеңдер. А., «Жалын», 1982; Шыңғыстау шындығы. Өлеңдер. А., «Жалын», 1993; Оңалған ойдың сәулесі. Өлеңдер. А., «Дәуір», 1996; Біз жұмаққа бармаймыз. Өлеңдер, балладалар, поэмалар. А., «Атамұра», 1988; Атом мен ақын. Өлеңдер. А., «Қанағат», 1999; Баба жайлы балладалар. Балладалар. Новосібір, «Современник», 2001.
Төлеген Жанғалиев: Өлең үшін өңеш созу шарт емес
Төлеген ЖанғалиевТөлеген Жанғалиев – 27 қаңтар 1950 жылы ШҚО, Абай ауданы, Қарауыл ауылында дү...