Құралай Омар
АҚЫНҚұралай Омар 1983 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Жамбыл ауылында дүниеге келген. 2000 жылы Өскемен қаласындағы Жамбыл атындағы гимназия-интернатын, 2004 жылы Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Өлеңдері республикалық баспасөз беттерінде жиі жарияланып тұрады.
2004 жылы Халықаралық «Шабыт» фестивалінде Ерік Асқаров атындағы арнайы жүлдеге, 2006 «Жалын» журналының Төлеген Айбергенов атындағы сыйлығына ие болған. 2007 жылы оныншы Халықаралық «Шабыт» фестивалінің бас жүлдесін жеңіп алды. 2008 жылы «Жалын» баспасынан «Ақ қар» атты жыр жинағы жарық көрді.
Жасыру
Ақын Құралай Омардың 7 өлеңі
Поэзия – адамзат Рухының шынайылық пен шексіздікке ұмсынған қасиетті уілі. Поэзия - жабырқаған...
ЖАС АҚЫН-ЖАЗУШЫЛАР КЕҢЕСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ
Ұлттық әдебиет пен ақындық өнерді қолдау және насихаттау мақсатында Қазақстан Республикасының Мәдени...