Мейірхан Адамбеков
ӘНШІХалық композиторлары Біржан мен Ақан Серінің, Жаяу Мұса мен Мәдидің, Шашубайдың, Естай мен Ғазиздың және т. б. әндерді ұлттық нақышпен орындайды
ТолығырақМейірхан Адамбеков 1958 жылы 1 шілдеде Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы Томар ауылында туған. Әнші, "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері" (2000).
Алматы эстрада-цирк студиясын (Ж. Елебеков класы бойынша педагог Ж. Кәрменовтен), 2003 ж. Қазақстан-Ресей университетін бітірген. Қ. Байжанов атындағы концерт бірлестігінің әншісі, Тәттімбет атындағы өнер колледжінде халық әндері бөлімінің меңгерушісі.
Халық композиторлары Біржан мен Ақан Серінің, Жаяу Мұса мен Мәдидің, Шашубайдың, Естай мен Ғазиздың және т. б. әндерді ұлттық нақышпен орындайды. Ә. Қашаубаев атындағы республикалық конкурстың лауреаты (1980). Қазақстан өнер шеберлері қатарында Франция, Швеция, Австрия, Болгария, Голландия, Венгрия, Ресей сияқты елдерде өнер көрсетті.
Әкесі - Адамбеков Сәйді, қойшы болған. Анасы - Біләлова Рауза, қойшы.
Ресей-Қазақстан қазіргі заманғы гуманитарлық университетінің филология факультетін бітірген (2002), қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері.
Діни көзқарасы - мұсылман.
Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.
Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстанды дамыған көшбасшы елдердің қатарынан көру».
Хоббиі - саясат.
Сүйіп оқитын әдебиеті - қазақ әдебиеті.
Үйленген. Жұбайы - Еңсебаева Н.К. (1957 ж.т.), №101 ОМ оқытушысы. Ұлдары - Адамбеков Алданыш (1980 ж.т.), Адамбеков Жәнібек (1992 ж.т.); қыздары - Адамбекова Шынар (1982) Адамбекова Арайлым (1984 ж.т.). 1978 жылдан Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы мәдениет бөлімінің автоклуб меңгерушісі. 1981 жылдан - Қарағанды мемлекеттік филармониясының солист-вокалисі. 1987 жылдан Қарағанды почтамтының инструкторы, жабдықтау жөніндегі инженері. 1993 жылдан Қарағанды облыстық халық шығармашылығы және мәдени-игілік қызметі орталығы бөлімінің меңгерушісі. 1996 жылдан Қарағанды музыка училищесі халық бөлімшесінің меңгерушісі. 2008 жылдан бері Қ. Байжанов атындағы Қарағанды концерт бірлестігінің солист-вокалисі.
Хроместезия деген ғылыми термин бар. Бұл дегеніңіз үннің, нотаның түсін айыра білетін дара қасиет. Қ...
Тәттімбет атындағы өнер колледжінің директоры, Қарағанды қаласында Арқа ән мектебінің тізгінін ұстап...
Тәттімбет атындағы өнер колледжінің директоры, Қарағанды қаласында Арқа ән мектебінің тізгінін ұстап...