Молдахмет Кенбаев
СУРЕТШІМолдахмет Кенбаев 1925 жылы 25 шілдеде Қостанай облысы Амангелді ауданы Сартол ауылында туған. (18.5.1993 жыл, Алматы). Алғашқы қазақ кәсіби суретшілерінің бірі, кескіндемеші, педагог, «Қазақстанның халық суретшісі» (1985; 1963 жылдан «Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері».
1931 – 41 жылдары Алматыдағы балалар үйінде тәрбиеленді.
Алматы көркемсурет училищесін (1948) бітірді.
Мәскеу көркемсурет институтын (1956) бітірген.
1956 – 59 жылдары Қазақстан Көркемсурет қоры басқармасының төрағасы.
1968 – 74 жылдары Қазақстан Суретшілер одағының кескіндеме секциясының төрағасы болды.
Шығармашылығы:
Кенбаевтың шығарм. жұмысы 20 ғ-дың 50-жылдарынан басталады.
“Әліби Жангелдиннің отряды”, “Шопан әні” (1956), “Әңгіме үстінде” (1957) , сияқты туған жер тарихынан сыр шерткен алғашқы туындыларынан-ақ суретші есімі қалың көпшілікке кең танылды. “Киіз басу” (1958), “Сабан той”
“Тұскиіз” триптихы (1960), “Қашағанды қуу” (1961), т.б. еңбектері ұлттық кескіндеме өнерін дамытты.
Пейзаждық картиналары: “Алматының төңірегі” (1958), “Суат басында”, “Қыстауда” (1966), “Тау бөктерінде” (1967), “Жайлаудағы таң” (1975), “Бурят әйелі” (1956), “Суретші әйел портреті” (1957), “Мұхтар Әуезов” (1977), “әл-Фараби” (1980), т.б. портреттері
Монументті өнер шығармалары: Алматы қаласындағы “Алматы”, Қазақстан” мейманханасы, Неке сарайы, Донецкідегі Металлургтер сарайы, Мәскеудегі “Қазақстан” кинотеатрының қасбеттері мен интерьерлеріне жасалған мозайкалық паннолар, т.б. ұлттық өнер тарихында қалды.
Кенбаев туындылары терең лиризм мен эпикалық кеңдіктің, монументтіліктің өзара үйлесім табуымен ерекшеленеді. Құрманғазы бейнесін шынайы жеткізгені үшін 1959 жылғы республикалық бәйгеде 1-сыйлыққа ие болды. Оның қылқаламынан туған көптеген еңбектер Мәскеудегі Третьяков галереясы мен Шығыс халықтары өнерінің мемлекеттік мұражайында, Қазақстанның Орталық көркемөнер галереясында сақтаулы.
Алматы көркемсурет училищесі, 1959 – 65 ж.ж;
Қазақ ұлттық техникалық университеті 1965 – 79 ж.ж.
1978 жылдан профессор;
Алматы архитектуралық-құрылыс академиясы.
1980 жылдан сурет кафедрасының меңгерушісі болды.
“Құрмет Белгісі” орденімен және медальдермен марапатталған.
Жасыру