Шара (Гүлшара) Жиенқұлова
АКТЕРТұңғыш ойнаған рөлі — Б.Майлиннің “Майдан” пьесасындағы Пүліш. Бұдан кейін Еңлік, Қарагөз (М.Әуезовтің “Еңлік — Кебек” пен “Қарагөзінде”), т.б. рөлдерді сомдады.
ТолығырақШара (Гүлшара) Жиенқұлова 1912 жылы 18 шілдеде Алматы қаласында дүниеге келген. (21 мамыр 1991, Алматы). Биші, педагог. «Қазақстанның халық артисі» (1938; 1936 жылдан «Қазақстанның еңбек сіңірген артисі»).
1929 — 30 жылдары ҚазПИ-дің тарих факультетінде оқыды.
Өнер жолын Қазақ драма театрынан бастады.
Тұңғыш ойнаған рөлі — Б.Майлиннің “Майдан” пьесасындағы Пүліш. Бұдан кейін Еңлік, Қарагөз (М.Әуезовтің “Еңлік — Кебек” пен “Қарагөзінде”), т.б. рөлдерді сомдады.
1934 ж. Музыкалық драма театрына (қазіргі Қазақ опера және балет театры) ауысты. Мұнда Әуезовтің “Айман — Шолпан” музыкалық драмасында, Е.Г. Брусиловскийдің “Қыз Жібек”, “Жалбыр” және “Ер Тарғын” операларында ұлттық билерді орындады.
1936 ж. Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысып, ұлттық би өнеріміздің әсемдігіне өзге халық өкілдерін тәнті етті. Қазақтың тұңғыш ұлттық балеті — “Қалқаман — Мамырда” (1938) Мамырдың партиясын орындады.
1938 ж. “Амангелді” фильмінде Балымның рөлін экранға шығарды.
Балетмейстер Л.А. Жуковпен бірлесіп И.Н. Надировтың “Көктем” балетін қойды.
1940 — 1962 жылдары Қазақ филармониясында қызмет етті.
1962 — 66 жылдары Қазақтың ән-би ансамблін басқарды.
1966 — 75 жылдары Алматы хореографиялық училищесінің директоры болды. Осы жылдары ұлттық би өнерін дамыту үшін ел аралап, халықтың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, халық билерін зерттеді. Соның нәтижесінде “Тәттімбет”, “Айжан қыз”, “Қара жорға”, “Қырық қыз” билері дүниеге келді. Жиенқұлова — сахналық образдардың ішкі жан сұлулығын бидегі пластикалық шешіммен шебер шендестіре білді. Гастрольдік сапармен көптеген шет елдерде болды. 1958 ж. Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты.
2012 Қазақстан пошта маркасы
Шәкірттері:
«Қазақстанның халық артисі» Г.Талпақова
«Қазақстанның еңбек сіңірген артистері»
Қ.Қарабалина
Б.Байжұманова, т.б.
Фильмографиясы:
1938 - Амангелді - Балым
1957 - Біздің сүйікті дәрігер - балетмейстер
Марапаттары:
«Қазақстан мемлекеттік сыйлығының» лауреаты (1968). «Ленин орденімен», 2 рет «Еңбек Қызыл Ту», “Құрмет Белгісі” ордендерімен медальдермен марапатталған.
ЖасыруАқтаудың «Достық үйі» фойесінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында КСРО х...
Би өнері әрбір адамның өміріне енетін уақытты армандаймын. Ол бір тамаша уақыт болар еді. Сол бір ке...