МҰХАММЕД ПАЙҒАМБАР (с.ғ.с.), Мұхаммед бин Абдолла бин Абд Муталиб бин Хашим (571 – 632) Соңғы пайғамбарымыз, Алланың елшісі (с.ғ.с.). 571 жылдың 20 сəуірі күні Меккеде Құрайыш тайпасында дүниеге келген. Əкесі – Абдолла, анасы – Əмина. Дүниеге келген шағында зыр жүгіріп қызмет еткен əйелдер: Шифа, Фатима, оларға Үммү Əйман да қолғабыс жасаған. Олардың айтуынша, пайғамбарымыз (с.ғ.с.) туыларда үй іші нұрға толып кеткен. Сүйікті пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Ибраһимнің (ғ.с.) дұғасын алған, Иса (ғ.с.) пайғамбар оның келетіндігін алдын ала сүйіншілеген, анасы Əмина оны түсінде көрген. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) дүниеге келуінен екі ай бұрын сапарда жүрген əкесі ауырып көз жұмған. Мединеде жерленген. Сондықтан ол əкесін көре алмады. Төрт жасына дейін сүт анасы Халиманың, одан кейінгі екі жыл өз анасы Əминаның қолында өсті. Алты жасын-да анасы Əмина оны туған-туыстарын аралатып, əке-сінің қабірін зиярат етіп қайту үшін Мединеге апарды. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) атасы Абд əл-Мүтəлибтің шешесі Сəлма мединелік болғандықтан, сол жақта туыстары тұратын. Əкесінің қабірі нағашы ағасы Нə-биғаның ауласында еді. Хазреті Əмина баласымен бірге күйеуі Абдолланың қабірін зиярат етті. Хазреті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) туыстарымен танысып қайтты. Қайтып келе жатып Əбуа атты жерге жеткенде Əмина анамыз ауырып қайтыс болады. Сүйегі сонда қойылды. Осы сапарға бірге шыққан Үммү Əйман пайғамбарымызды (с.ғ.с.) Меккеге əкеліп, атасының қолына табыстайды. Алты жасынан сегіз жасқа дейін атасы Абд əл-Мүтə-либтің тəрбиесінде болды. Атасы өлер алдында əкесі-нің бауыры Əбу Тəліптің үйін паналауды өсиет етеді. Ағасы сауда ісіне баулиды. «Мұхаммед» деген атының өзі «мақтаулы» мағынасын білдіретін, кішкентайынан əділеттілігі, елгезектігімен, биязы мінезімен танылған Пайғамбарды ел «əмин» (адал сенімді) деп атаған. 13 жасынан меккелік дəулетті əйел Хадиша бинт Хуай-лидтің сауда ісін жүргізіп, 25 жасында оған үйленді. Ол кезде Хадишаның жасы қырықта еді. Хадиша Мұхам-мед Пайғамбарға (с.ғ.с.) адал жар, қамқоршы əрі үлкен сүйеніш болды. Ислам дінін алғашқылардың бірі бо-лып қабылдап, адал қызмет етті. Хадиша Пайғамбарға екі ұл – Қасым, Абдолла жəне төрт қыз – Зейнеп, Рұқия, Үммігүлсім, Фатиманы дүниеге əкеледі. Екі ұлы жас-тайынан шетінеп, қыздарынан ұрпақ тарайды. Отыз бес жасқа келгенде Құрайыш тайпалары бірлесіп, Қағ-баны жөндейді. Бірақ құрылыс біткеннен кейін бақта-ластық себебінен қасиетті «Қара тасты» орнына қою мəртебесі жайлы дау шығады. Мұхаммед Пайғамбар (с.ғ.с.) даудың əділ шешімін тауып, тайпалар арасын татуластырып, «Қара тасты» орнына қойды. Пайғамба-рымыз (с.ғ.с.) қырық жасқа жақындағанда өзінің жан дүниесіндегі ерекше құбылысты сезе бастайды. Ол елден оңашаланып, жаратылыстың тылсым құпияла-рына оңашада ой жіберуге құмартты. Ара-тұра Хира тауындағы үңгірге барып, рамазан айын ғибадатпен өткізеді. Қырық жасқа толған 610 жылдың Рамазан айын-да Жəбірейіл (ғ.с.) періште арқылы уахи жолымен ең алғашқы «Оқы! Жаратушы Раббыңның атымен оқы!» деген аяттары түсті. Уақидың алғашқы əсері жайлы жұ-байы Хадишамен ой бөліседі. Хадиша бірінші болып, оның пайғамбарлығын мойындап, сабырға шақырады. Осыдан барып Жаратушы тарапынан оған «Пайғам-барлық» міндет жүктелді. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) шақыруымен Ислам дінін алғашқылардың бірі болып хазреті Хадиша (р.а.), Əли (р.а.), Харисұлы Зəйд (р.а.) жəне Əбу Бəкір (р.а.) қабылдады. Артынша хазреті Оспан (р.а.), Ауфұлы Абдуррахман (р.а.), Əбууаққасұлы Саад (р.а.), Талха (р.а.) мен Зүбəйрлер (р.а.) тілін кəли-маға келтіріп, мұсылман болды. Иман келтіргендер ис-лам діні ғибадатын 3 жылға дейін жасырын орындады. Алғашқыда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) жəне оған ергендер пұтқа табынушылар тарапынан көп қиындық көрді. Тіпті хазреті Ясир мен əйелі Сүмəйя Алла жолында жанын қиып, алғашқы шейіт болды. Білəл (р.а.), Əбу Фуқаһа (р.а.), Əратұлы Хаббаб (р.а.) секілді ер кісілер мен қатар Үммі Абис ( р.а.), Нəхдия (р.а.) мен Зинни-ра (р.а.) секілді əйел мұсылмандардың да басына қай-ғы бұлты үйірілді. Пайғамбарлықтың алтыншы жылы Хамза (р.а.) мен Омар (р.а.) сияқты нағыз қаһарман ер жүрек кісілер Исламды қабылдады. Сол жылдары кей-бір мұсылмандар Алла елшісінің рұқсатымен Эфио-пияға көшті. Пұтқа табынатындар мұсылмандарды оқшаулап, жұртпен араласуға шектеу қойып, құртып жіберудің айла-шарғысын жасап бақты. Олармен сауда жасауға, араласуға қатаң тыйым салды. Бұл үш жылға созылды. Пайғамбарлықтың оныншы жылы хазреті Ха-диша (р.а.) мен Əбу Тəліп қатар көз жұмды. Дін дұшпандарының зорлық-зомбылығы тіптен арта түсті. Қатты қайғырған Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзіне қолдау іздеп, Тайыф қаласына барды. Бірақ, тайыфтықтар оны келе-ке етіп таспен атқылап, үсті-басын қанжоса етті. Шаһар сыртындағы тауды паналап, əрең аман қалды. Осындай аса қиын-қыстау кезеңде Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірінде «Миғраж» оқиғасы орын алды. Бұл оқиға Ис-ламда рухани тазалықтың, адамгершілік ғибраттың үл-гісі болған Пайғамбардың Аллаға аса жақындығының дəлелі ретінде қабылданды. Алланың құзырына барып, оның бірқатар бұйрықтарын тікелей Өзінен естіп-біліп қайтты. «Исра» сүресінің 22–39 аяттарында айтылатын 12 бұйрық та осы түні түскен болатын. Қиындықтар-дың ешқайсысына мойымай, Алла елшісі (с.ғ.с.) араб халқын Ислам дініне шақырды. Арада бір-екі жыл өт-кенде «Ақаба анттары» қабылданды. Шынайы діннің таралуына серпіліс берген мекен болашақ Пайғамбар қаласы Медине (ескіше Иасриб) болды. Мұсылмандар Меккеден Мединеге көшті. Хижра жыл санауы осы-лай басталған болатын. Жұрттың соңында Расулымыз (с.ғ.с.) қасына Əбу Бəкірді (р.а.) ертіп, Меккеге жол тартады. Пұтқа табынушылар олардың ізін өкшелеп Сəуір үңгіріне дейін қуып барады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Меккеден Мединеге көшкен мұсылмандарды – мұһажирлар, ал, оларға қол ұшын берген мединеліктер-ді – ансарлар (бауыр) деп жариялады. Мүшріктер мен мұсылмандар арасында Бəдір, Ұхуд, Хандақ, Мүрəйсі секілді бірнеше соғыстар болды. Мединеде мұсылман-дардан басқа иаһудилер, мүшрік арабтар мен христиан дін өкілдері бар еді. Олардың арасындағы бақталастық, жанжалды тоқтатуға, мүшріктер тарапынан қауіпті се-йілтуге ықпал ету мақсатында хижраның бірінші жылықоғамдық тəртіп негіздері жасалды. 630 ж. Меккені азат етіп, Қағбаны айналып, тəуеп жасады. Білəлға азан ша-қыртып, Қағбаның іші-сыртын пұттардан тазартты, Ал-лаға дұға оқыды. Өзіне жаманшылық жасағандардың барлығына кешірім жасайтынын жариялады. Алла ел-шісі (с.ғ.с.) 632 ж. қажылық сапарын атқарды. Арафат тауында Алланың атымен сөз бастап, қоштасу құтпа-сын оқыды. Ислам тарихында «қоштасу құтпасы» де-ген атпен белгілі Пайғамбардың өсиеті ғибратқа толы. Адамдарды татулыққа, бауырмалдыққа, бір-бірінің ар-намысына, мал-жанына құрметпен, қиянатсыз, ақ пе-йілмен қарауға, əйелдердің құқығын қорғауға үндейді. Өсімқорлыққа, қан дауына тыйым салады. Қасиетті Құ-ран Кəрімнің мəн-маңызын, адамның ұлтына, нəсіліне, жынысына қарамастан Алланың алдындағы теңдігін, тек тақуалығымен, ар-иманымен құрметке ие болаты-нын уағыздайды. 633 ж. Мұхаммед Пайғамбар (с.ғ.с.) қатты сырқаттанады, сахабаларына өзінің бұл дүниеден өтер уақыты жақындағанын айтып, соңғы өсиеттерін жария етеді, мешітке келіп халықпен арыздасады, біреу-дің алашағы немесе есесі кетсе алуын сұрайды. Ислам дінін асқан сабырлылықпен, үлкен ыждағаттылықпен адамзат баласына жеткізген сүйікті Пайғамбарымыз-дың (с.ғ.с.) рухы тəнінен бөлініп, бұл дүниеден озады. Медине қаласында жаназасын оқып, дүниеден өткен жерге арулап қойды
Жасыру