Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы
ҒАЛЫМҒұлама ғалым, емші. Оның осыдан бес ғасыр бұрын жазған, өз басынан өткізген төл тəжірибелерінен алынған, медициналық үлкен ғылыми еңбегі – «Шипагерлік баян» күні бүгінге дейін құндылы-ғын жоғалтқан жоқ. Ғалым бұл кітапты Жəнібек хан-ның тапсырмасымен 1470 жылы жасы 70-тен асқанда бастаған. Кітабында өзінің аты-жөнін ғана атап, өмір-бая нын жазбаған. Дегенмен «…ататегім – Ұлы жүз Зарман, оның ішінде албанмын. Мекенім – Жетісу. Жананда Жиренше шешен, Жəнібек ханның қараша-сымын. Жылым – иіртек (ұлу жылына сəйкес келеді), сексен беске келдім. Бойым ұзын, қара торы, қоңқақ мұрынды, кең иықты, қап сақалды, ұзын қасты, кем сөзді жанмын» (қолжазба, 129-б.) деп көрсетеді. «Ши-пагерлік баянда» – жүрек, ми, сөл (адам организмінен бөлінетін), т.б. мүшелердің адам организмінде алатын рөлі, күйік, үсікті емдеу, тамыр ұстау сияқты өзекті мəселер айтылған. Кітапта шешек ауруына қарсы вак-цина егуді ағылшын ғалымы Э.Женнерден (1796) 350 жыл бұрын жазғандығын атап айту қажет. «Шипагер-лік баянда» өсімдіктерден алынған 854 түрлі, жануар-лардан алынған 455 түрлі ши палық қасиеті бар емдік дəрілердің тізімі, адам мүшелерінің 430-ға тарта атау-лары, мыңнан аса дəрі жəне 4577 рецепт берілген.
Бұл қолжазбаны Райымбет, Шыбыл, Қоңырбөрік, Тама, Бұршақ би бір-біріне өсиетпен тапсырып, хиж-раның 1170-жылына келгенде (Григорий күнтізбесі бойынша 1827–28 жылдары) бесінші рет, 1952 жылы Түменбай Ыстанбайұлы (Іле аймағы Текес ауданы Ши-ліөзек ауылы), 1991 жылы Нұртай Түменбайұлы 1952 жылғы нұсқаның 1968 жылы өртелгеннен кейін қалған бөлігін жетінші рет көшірген. Бұдан кейін 1994 жылы араб əрпімен Үрімшіде (Қытай), 1996 жылы Алматыда «Жалын» баспасында қазақ тілінде басылып шықты. Қытай үкіметі «Шипагерлік баянның» құндылығын ба-ғалап, «Мемлекеттік бірінші кітап» деген сыйлықпен марапаттады (1997). Қытайда Өтейбойдақтың мұрасын зерттеу үшін 2 мемлекеттік медициналық орталық құ-рылған. Қазақстан халық емшілер қауымдастығы Өтей-бойдақтың жерленген жері Алматы облысы Райымбек ауданы Шалкөде жайлауындағы Айқайтас бөктеріне 2002 жылы арнайы құлпытас орнатты. Алматы қаласы Ақбұлақ ықшамауданында Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы атындағы көше бар.
Жасыру