Қолғанат Мұрат
ДРАМАТУРГ1987 ж. 1 қазанда дүниеге келген.
2005-2009 жж. Шоқан Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің «құрылысшы» мамандығын оқыды;
2009-2011 жж. Ақан сері атындағы Көкшетау мәдениет колледжінің «Режиссер, театр ұжымының жетекшісі» мамандығын ҚР мәдениет қайраткері Құдайберген Насыровтың шеберханасынан аяқтады.
2011-2015 жж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Кинотеледраматургия» мамандығын Дулат Исабековтың шеберханасы бойынша бітірді;
Қазіргі уақытта Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Өнертану» факультетінің 2-курс магистрі.
Пьесалары:
“Шырмаудағы ғұмыр” (2013),“Қуыршақ” (2013), “Шырғалаң” (2014), “Алмашы үміт” (2015), “Түнек” (2015), “Пони” (2016), “Cаусақ” ( 2016), “Бақыт кілті” (2016) .
Жетістіктері:
- Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай өткізілген ҚР және РФ театр оқу орындары мен театр жастарының I аймақтық эксперименталдық фестиваль-лабораториясында «Тағдыр» қойылымы үшін алғыс хатпен марапатталды (2011).
- М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры 18-40 жасқа жасқа дейінгі драматургтер арасында жарияланған республикалық «Замандас келбеті» байқауында «Алдамшы үміт» пьесасы байқау жеңімпазы болып танылды (2015).
- Республикалық тәуелсіз әдеби «Алтын қалам 2015» байқауында «Алдамшы үміт» пьесасы «Жылдың үздік драматургиясы және киносценарийі» номинациясына ие болды (2015).
- «Пони» пьесасы Шымкентте ұйымдастырылған Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» байқауында 3-орын иеленді (2016).
Жасыру