Айнұр Бермұхамбетова
АКТЕРАйнұр Бермұхамбетова - 1974 жылы 2 наурызда Қостанай облысы, Амангелді ауданында дүниеге келді.
1989-1993 жылдары 8-ші сыныптан кейін Арқалық қаласының Музыка училищесінің хор дирижері мамандағы бойынша білім алды.
1994 жылы Т. Жүргенов атындағы Қазақ Мемлекеттік театр және кино институтының «Музыкалық драма актері» бөлімінде білім алды.
1998 жылы Астана қаласының Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына жұмысқа шақырылды.
2004 жылдан бастап Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің «Актер өнері және режиссура» кафедрасында ұстаз болып жұмыс істейді.
2004 жылдан бастап Астана қаласының «Астана» телеарнасында дубляждық студияда жұмыс істейді.
2014 жылы V Орталық Азия мемлекеттерінің Халықаралық театр фестиваліне театр ұжымы Ж. Ануйдың «Жалын жұтқан Жанна ДꞌАрк» драмасымен қатысып Гран-приді иеленді. Сондай-ақ, актриса А. Бермұхамбетова «Ең үздік әйел бейнесі» номинациясына ие болды. Қоюшы режиссері ҚР еңбек сіңірген қайраткері – Ә. Оразбек.
2015 жылы театр көрермендері арасында театр әкімшілігі ұйымдастырған «Өз актеріңді таны» акциясының нәтижесінде жылдың «Үздік актрисасы» атағына ие болды.
2015 жылы Атырау қаласында драматург Рахымжан Отарбаевтың «Көлеңкесіз жолаушы» драмасындағы Камила рөлі үшін кезекті «Ең үздік әйел бейнесі» номинациясына ие болды. Қоюшы режиссері ҚР еңбек сіңірген қайраткері – Н. Жұманиязов.
Жасыру