Рахат-Би Әбдісағын
КОМПОЗИТОР
Биография
Талантты композитор, вундеркинд, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы. Таланты мен еңбекқорлығы үшін Рахат-Биді жұрт «Қазақстанның Моцарты» атап кеткен.
ТолығырақРахат-Би Әбдісағын – талантты композитор, вундеркинд, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы. Таланты мен еңбекқорлығы үшін Рахат-Биді жұрт «Қазақстанның Моцарты» атап кеткен.
Жас жігіт 10 жасынан бастап музыка жаза бастаған. Ол туындылары бүкіләлемдік қорға (Оңтүстік Иллинойс университетінің «Discography» оркестріне арнап фортепианомен орындалатын туындылар) кірген тәуелсіз Қазақстанның жалғыз композиторы. Дәл осы қорда әлемдік классиканың үздік үлгілері жинақталған. Онда Бах, Гайдн, Моцарт сынды заманауи классиктердің шығармалары бар. Рахат-Би Әбдісағын – 100-ге жуық туындының авторы. Оның музыкасы Еуропаның барлық дерлік және Азияның кей елдеріндегі концерттік залдарда қойылады. Оның шығармаларының әлемдік тұсаукесері Прага, Лондон, Вена, Париж, Берлин, Сеул, Анкара, Ыстанбұл, Мәскеу, Рогашка-Слатина, Бергамо, Аркейе, Теуладе-Морайре, Алматы мен Астанада өткен. Рахат-Би тек қана музыка емес, музыкатану оқулықтарын жазады. Ол небәрі 14 жасында «Математерика мен заманауи Музыка» ғылыми еңбегін жарыққа шығарған. Сондай-ақ, ол «Үйлесімділік шегі» жинағының авторы. Музыкант әрі композитор бірнеше шет тілін меңгерген. Ағылшын, итальян, сондай-ақ, неміс тілін үйрену үстінде. Рахат-Би Алматыда 1999 жылдың 2-ақпанында дүниеге келген. Ол – «Дарын» мемлекеттік сыйлығының ең жас лауреаты. Өнер иесі небәрі 13 жасында Құрманғазы атындағы қазақ Ұлттық өнер консерваториясына оқуға түскен. Ол аталған оқу орнымен бір уақытта Италиядағы Santa Cecilia Di Bergamo өнер академиясын тәмамдаған. 18 жасында өнертану ғылымдарының магистрі атанған.Жасыру
Елбасы жас композитор Рахат-Би Әбдісағынды қабылдады
Елбасы жас композитор Рахат-Би Әбдісағынды қабылдады. Кездесуде талантты композитор, «Қазақста...