Ержан Нұрымбет
АКТЕР1976 жылы 17 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Төрткүл ауылында дүниеге келген.
1981-1992 жылдары аталмыш ауылдың М. Жұмабаев атындағы орта мектебінде оқыды.
1996 жылы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің «Өнер» факультетіне түсіп, 2000 жылы «Драма актері» мамандығын тәмамдады.
2000-2007 жылдары Түркістан сазды-драма театрында актерлік қызмет атқарды.
2007 жылдан бастап Астана қаласының Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында актерлік қызметте жұмыс атқарып келеді.
Кинода «Сардар» (реж.: Болат Қалымбетов), «Келін» (реж.: Ермек Тұрсынов), «Пилотка» (реж.: С. Бодров), «Жеңіс семсері» (реж.: А. Сулеева, А. Райбаев), «Дәмелі» (реж.: Кенжебай Дүйсембайұлы), «Жат» (реж.: Ермек Тұрсынов), т.б. фильмдерде ойнаған рөлдерімен белгілі.
2015 жылы XI Халықаралық Еуразия кинофестивалінде «Жат» фильміндегі Ілияс рөлі үшін «Ең үздік ер адам бейнесі» номинациясын жеңіп алды.
Жасыру