Аманхан Әлім
АҚЫНАқын, журналист-публицист Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Құрмет» орденінің және М.Мақатаев атындағы сыйлықтың лауреаты.
А.Әлімұлы 1952 жылы 20 қаңтарда Түркістан облысына қарасты Отырар ауданы, Қожатоғай ауылында туған. 1969 жылы сол ауылдағы Аманкелді атындағы орта мектепті бітірген. 1975 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің журналистика факультетіне оқуға түсіп, 1981 жылы бітіреді. Оқуды бітірген соң, 1981-1989 жылдар аралығында республикалық «Қазақстан пионері» («Ұлан»), «Лениншіл жас» («Жас алаш»), «Қазақ әдебиеті», «Түркістан» газеттерінде және «Қазақ радиосында» қызмет етті. 1991-1993 жылдар аралығында Мәскеудегі М.Горький атындағы әдебиет институтының жанындағы жоғары курсының күндізгі бөлімінде оқиды. 1994-2012 жылдар аралығында «Заң газетінде» жауапты хатшы және шолушы болып қызмет етті. Бірнеше жыл "Ақиқат" журналының Бас редакторы болды.
Ол Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері төсбелгісінің, М.Мақатаев атындағы және «Жандос» атындағы сыйлықтардың иегері. Жуырда ғана Журналистер Академиясының толық мүшесі-академигі дипломы және төсбелгісімен марапатталған болатын.
«Өткірдің жүзі», «Айнұры алақанымда», «Жанымның жапырағы», «Бес қоңырау», «Кездесу» публицистикалық және «Атақоныс» атты жыр-жинағы жарық көрген.