Ержан Алаштуған
АҚЫНМен Ержан Алаштуған 15 қазанда 1976 жылы дүниеге келгенмін. Туған жерім Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданы. Ата-анам қарапайым шаруа адамдары болған. Атам мен әжемнің қолында, кейін интернатта тәрбиеленгенмін. Қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын 2 мектеп-интернатта оқығанмын. Алматыдағы 62 Шона Сымаханұлы ат. мектептің түлегімін. Абай ат. Алматы университетін тіл-әдебиет мамандығы бойынша бітіргенмін. Алғашқы жыр жинағым "Тақсыр, Күн" 2000 ж. жарық көрген "Отырар кітапханасы" сериясымен. Редакторы Байбота Қошым-Ноғай ағамыз. Оған дейін 1995 ж. жарық көрген "Толқыннан толқын туады" студент ақындардың жинағында жарияланғанмын. Ерте араластым әдебиетке де, қоғамдық өмірге де. 1996 ж. саяси бап бойынша 1 жылға шартты түрде кесілгенмін. Кейін ұзақ мерзімге қамалдым. Бостандықта жүргеніме бес жыл. Өз кәсібім бар... Әдебиетке оралғаныма бес ай болды...
13.05.2020 жылғы "Мәдениет порталына" жолданған хаттан алынды.
ЖасыруЕкі жылдан бері Ресейдің гуманитарлық баспасының (ОГИ) ұйытқы болуымен және ТМД елдері жазушылар ода...
Әркімнің өмірден алатын ырзық-несібесі болады. Ақындық – Алла тағала мен табиғаттың бірен-сара...
Ержан АлаштуғанСерік Ақсұңқардың «КӨКЕЙІМДЕ - КҮЛТЕГІННІҢ ЖАЗУЫ» жыр жинағындағы РУХ таб...
Ержан АлаштуғанШАМШЫРАҚ Торда тұрсың, шамшырақ. Мен де торды, Мекендеп, жан сарайым шерге толды!...
Ержан Алаштуған. Бұл есім әдеби ортаға тоқсаныншы жылдардың басында танылды. Көп мақталды. Айналасы...