Хакімжан Есімханұлы
МҮСІНШІХакімжан Есімханұлы (1925-2009) - Қазақстанның тұңғыш кәсіби мүсіншісі, халық суретшісі. Ол Қостанай облысында дүниеге келген. Харьковтағы көркемөнер институтын бітірді. Алматы қаласындағы көркемсурет училищесінде тұңғыш рет мүсіншілер үйірмесін ұйымдастырып, сонда сабақ береді.
Хакімжан - бірнеше мүсіндік портреттердің авторы. Атматыдағы «Абай» (қола, 1960 ж.), «Шоқан» (қола, 1969 ж.), Тараз қаласындағы «Жамбыл» (шойын, 1963 ж. «Салт атты Жамбыл» (қола, 1958 ж.) және тағы басқа монументті ескерткіштердегі бейнелерді шынайы суреттеді.
Ол гипс пен мәрмәрден жасалған кейіпкерлерінің жан дүниесін терең әрі жан-жақты аша білді. X.Наурызбаевтың еңбектері Қазақстанның көркем-сурет галереясында сақтаулы.
Жасыру