Лучано Паваротти
ӘНШІЛучано Паваротти
Лучано Паваротти опера сахнасының нағыз супержұлдызы болды. Оны «жоғарғы до-ның королі» санады. Себебі ол, ер-әншілердің екісінің бірі ала бермейтін осы нотаны қысылмай алатын-ды. Өзінің еңбегімен ол опера өнерін танытып, қалың көрермендерге қол жетімді етті. «Паворотти мен достары» атты қайырымдылық концерттерін ұйымдастырып, сахнаға поп және рок-музыканттармен бірге шықты. Кейбір сыншылар оның бұндай қылығына ашу шақырып, шынайы музыканы қорлады деп сөкті. Не деседе көрермендер Павороттиді құшақ жая қарсы алды. Нью-Йорктегі Орталық алаңдағы өткен концертте жарты миллион көрермен жиналды. Бұндай керемет аудиторияны жинау – бұған дейін бірде бір танымал орындаушылардың қолынан келмеп еді. Ал "Метрополитен Опера" залындағы концертте көеремендердің сұрауы бойынша шымылдықты 165 рет көтеруге тура келген. Осы жағдай «Гиннес рекордттар кітабына» енді.
Жас кезінде Лучано Паваротти футболист болуды арман етті. Ал, ата-анасы оны мұғалім болуға көндіреді. Екі жылдық ұстаздық қызметтен кейін ол – жүрек қалауы музыка екенін анық түйсінеді. Әншілік жолына жаңа түсіп, өнер биігіне өрмелей бастаған ұлын, отызға толғанша әкесі асырамақ болып міндеттенеді.
Талай уақытқа дейін Лучано Павароттидің айы оңынан туа қоймады. Алты жылға созылға оқу-үйренуден соң тамағанынан кінәрат табылып, ән айтуды мүлдем доғармақ болып шешеді. Бақытына орай ол өйтпеді. Кейін келе әлгі кінәрат дауысының бүгіндей, өзінің қалауынша қалыптасуына жол ашты.
Жасыру"Мәдениет порталы" талғампаз оқырмандарына XX-шы ғасырдың маңдайына алтын әріппен жазылған...