Хосе Карерас
ӘНШІХосе Карерас
Бұл әнші өзінің таңдауына ешқашан да күмән келтірген емес. Ол туа сала, ән шырқап келе жатқандай, сегіз жасындағы алғашқы әнін жұрт радио арқылы тыңдады. Тым ерте бастан қол жеткізген жетістіктеріне қарамастан, Хосенің ата-анасы оны музыка саласында айтарлықтай табысқа кенеледі деп ойламады. Сондықтан, бозбала Хосе Қарерас институтта химияны екшеп, соның арасында вокалды да қоса алып жүрді.
Ісіне деген адалдығы жемісін де тез берді. "Метрополитен Опера" мен миландық "Ла Скала" және Вена опера театрында ән салды. Ол, олимпиадалық ойындардың ашылу және жабылу салтанаттарының музыкалық директоры болды. Оның дискілері талай мәрте «алтын» және «платина» бағалығымен шығарылды.
1987 жылы күтпеген жерден қайғыға тап болды: әлемге танымал әнші өзінің лейкемиямен науқас екенін білді. Айығып кетуге мүмкіндік жоқ десе де болғандай еді, бірақ Хосы Карерас дертті жеңіп, әлемдік сахнаға қайта оралды. Осындан кейін, ол лейкемиямен күрес үшін қор құрып, жылғы бойғы концерттің алпысынан түскен қаржыны сол қорға аударып отырды. Өзінің ашқан қорына көпшіліктің назарын аудару үшін, «Үш тенор» атты концерттік серия өткізіп, онда Пласидо Доминго және Лучано Павароттимен бірігіп ән шырқады.
Жасыру
"Мәдениет порталы" талғампаз оқырмандарына XX-шы ғасырдың маңдайына алтын әріппен жазылған...