Пласидо Доминго
ӘНШІПласидо Доминго
Пласидо Доминго – атақты тенорлар үшітігінің үшіншісі. Сыншылар: оның дауысы жанға өте жайлы және орындауы ерекшелігі кісіні елжіретіп, керемет мәнерлі естіледі деп сүйсініскен-ді. Оның ата-анасы, испан музыкалық-театр жанрындағы сарсуэлалық актерлер қатарына жатады. Бозбала шағында Пласидо Доминго сол топта дебют жасап, кез келген музыкалық жұмыстан қашпай: мюзиклдерде ән айтып, барларда фортпианода ойнап, спектакльдерге фондық музыкалар қиыстырып, радиода музыкалық хабар жүргізеді. Жиырма алты жасында, Нью-Йорктегі мемлекеттік театрінде салған әнінен соң, әлемдік деңгейдегі танымал әнші болып мойындалады.
Пласидо Доминго "Метрополитен Опера", "Ла Скала", "Ковент Гарден" сахналарында және басқа музыкалық орындарда ән салып, Еуропа мен АҚШ арасында екіге бөлініп, әуре-сарсаңға түседі. Ол 140 жетекші опера партияларын орындап рекорд жасайды, бұндай өнімді жұмыспен танымал деген ешбір тенор мақтана алмайтын-ды.
Сондай-ақ, Пласидо Доминго – шынайы романтик. Марта Орнелас деген опера әншісіне құлай ғашық болып қалып, оның терезесі астында серенада орындағаны бар. Мынадай ғажап дауысқа жүрегі еріп кеткен қыз, көп ұзамай оның жары атанады.
Жасыру"Мәдениет порталы" талғампаз оқырмандарына XX-шы ғасырдың маңдайына алтын әріппен жазылған...