Андреа Бочелли
ӘНШІӘншінің көзіне жас кезінен дерт жамалып, он екі жасқа толғанда мүлдем суқараңғы болып қалады
ТолығырақАндреа Бочелли
Әншінің көзіне жас кезінен дерт жамалып, он екі жасқа толғанда мүлдем суқараңғы болып қалады. Бұл қасірет оның жақсы оқуына және музыкамен шұғылданып, не түрлі вокальдық конкурстарда жеңімпаз атануына кесірін тигізбейді. Мектептен соң заңгер дипломын алғанымен, ол мамандықпен жұмыс істемей, өзін музыкаға арнайды. Күндіз опералық вокалды шыңдаса, түнге қарай мейрамханаларда ән салып, пианинода ойнайды.
Андреа Бочеллидің деможазбасы қалайда Лучано Павароттидің қолына тиеді. Ол жас орындаушының дауысына қатты таң қалып, оны өзімен бірге концерт беруге арнайы түрде шақырады. Бір-жар жылдан соң, бұрынғы ресторандық әнші Рим Папасының алдында ән салып, оның концертіне жүз мыңдаған қалың көрермен жиналады.
Жасыру"Мәдениет порталы" талғампаз оқырмандарына XX-шы ғасырдың маңдайына алтын әріппен жазылған...