Серікбай Әбілмәжінұлы
АҚЫНМен Алтай аймағының Көктоғай ауданында дүниеге келдім. Маған «Қытайға не үшін кетіп едің және неге қайтып келдің?» деп жиі сұрақ қояды. Адамдардың көбісі тарихты білмейтіндері қынжылтады. Мен қазақ топырағынан ешқайда кеткен жоқпын. Қазақтың қазіргі территориясы ұлан байтақ жерінің бір бөлігі ғана. Тек Қытайдың өзінде Іле, Алтай, Тарбағатай деген үш облысымыз қалған. Мен сол Алтайдың тумасымын. Өзімді жат жерде тудым деп есептемеймін.
Кішкентай кезімізден Отаным осы, туған жерім осы деп өстік. Ол кезде біз тұрған жерде тек қазақтар тұратын. 1864 жылдан 2010 жылдарға дейін ондағы халық көшпенді өмірден ажыраған жоқ. Оның үстіне қазақ мектебі бөлек болды. Бұл біздің салт-дәстүріміздің, тіліміз бен дініміздің, мәдениетіміз бен әдебиетіміздің сақталуына жағдай жасады. Қазірдің өзінде ондағы қазақтар өзара тек қазақ тілінде сөйлеседі.
Қазақстандағы және Қытайдағы қазақтар арасында жалпылама аса үлкен айырмашылық жоқ. Басты айырмашылығы Қазақстандағы қазақтар орыс мәдениетіне жақын, ал Қытайдағы қазақтар қытай мәдениетіне жақын келеді.
Мен 11 сыныпқа дейін Қытайда оқыдым. Оқулықтардың басым бөлігі қазақстандық оқыту жүйесіне негізделген. Тек Қытайдағы қазақтар Ахмет Байтұрсынов жасаған «төте жазуын» қолданады.
Қазақстан деген дербес ел бар екенін екінші сыныпта оқып жүргенде естідім және сол кезден бастап қазақ еліне оралу жайында ойладым. Тоғызыншы сыныпта оқып жүргенде елге оралу туралы ойымды әкеме айттым. Бірақ ол кісі рұқсат бермеді. Он бірінші сыныпты бітіргеннен кейін ғана елге оралуға мүмкіндік алдым.
Мен жалғыз келдім. Ешқандай туысқаным да, танысым да болған жоқ. Жергілікті қазақтар келгендердің бәрін жылы қабылдайды, ал шеттен келгендердің елге өкпелеуге немесе өмір сүру жағдайын сынауға хақысы жоқ. Өз елінен жырақта өскен адамдардың отаншылық сезімі келеңсіз жағдайларға кешіріммен қарауға мүмкіндік береді. Қазақстанға келгенде, шекарадан өтіп қазақ топырағын басқанда жылағаным есімде. Өз Отанымда мен нағыз еркіндік пен махаббатты сезіндім.
Мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-не оқуға түстім. Кейін Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті филология факультетінің магистратурасын бітірдім. Үйлендім, үш балам бар.
ЖасыруОсыдан тура жүз жыл бұрын Лондонда «PEN» халықаралық жазушылар ұйымының алғашқы жиыны өт...
Әлемнің үмітіне үрей туғызып, көңіліне қаяу түсіріп, жан әлемін құлазытып тұрған осынау пандемия кез...