Төлеген Сүлейменов
СУРЕТШІТөлеген Орынбасарұлы Сүлейменов 1961 жылы 11 ақпанда Қызылорда облысы Жаңақорған поселкасында дүниеге келген. 1989 жылы Алматы Мемлекеттік көркем-өнер институтының монументалды кескіндеме мамандығын бітіріп, 1990 жылдан казіргі уақытқа дейін «Кескіндеме» кафедрасында ұстаздық еңбек етіп келеді. 26 жыл ұстаздық еңбек уақытында Т.О.Сүлейменов өз ісінің шебері, білікті де білімді маманы болды, көптеген қоғамдық жұмыстарға да белсене қатысып келеді.
2003-2004 оқу жылдарында «Монументалды кескіндеме» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды.
Білім беру саласында «Материалмен жұмыс жасау», «Материал технологиясы», «Кескіндемені қайта өңдеу» бойынша ғылыми әдістеме құралдарының және типтік оқу бағдарламасының авторы. Мемлекеттік стандарт «Монументалды кескіндеме» мамандығы бойынша (қазақша-орысша) құрастыруда авторлардың бірі. «Кескіндеме, теориялық негіздері мен әдіс амалдары» оқу құралының авторы.
Шығармашылық жұмыстармен 1989 жылдан бері айналасып келеді. Көптеген республикалық және халықаралық көрмелердің қатысушысы.
2000 жылдан Қазақстан суретшілер одағының мүшесі. Шығармашылық жұмыстары Ә.Қастеев тындағы Мемлекеттік өнер мұражайында, Астана қаласындағы Президенттік мәдени орталығында, Алматыдағы Австрия елшілігінде және Қазақстан мен шетелдік өнерсүйгіштердің жеке жинақтарында сақталуда.
Т.О.Сүлейменов көптеген монументалды кескіндеме жұмыстарының авторы. Алматы қаласындағы «Орталық мешіт» 2000 ж. Алматы қаласындағы «Бекет-Ата» мешіті 2002ж. Алматы қаласындағы «Хан-тәңірі» мешіті 2003ж. Петропавловск қаласындағы «Қызыл Жар» мешіті, Астана қаласындағы «Қазақ Елі» монументалды комплесіндегі «Самрұқ құс» мүсінін сусалды алтынмен безендіру жұмысына қатысты 2008 ж.
2014 жылы Астана қаласындағы «Сақ көсімдері» монументалды мүсіндік комплексінде сусалды алтынмен беделдіру жұмысын атқарды.
Тәжірибелі ұстаздық еңбекпен және шығармашылық туындыларымен қатар қоғамдық жұмыстарға белсене қатысуда (кәсіптік комитетінің мүшесі, футбол, волейбол, стодық теннистен академияда факультет намысын қорғап жүр). Студенттерді тәрбиелеп, өз мамандығы саласында талмай еңбек етіп келеді.
Әлемнің үмітіне үрей туғызып, көңіліне қаяу түсіріп, жан әлемін құлазытып тұрған осынау пандемия кез...