Гүлнар Сүйінбаева
СУРЕТШІСүйінбаева Гүлнар Ілесқызы 1967 жылы Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Кентау қаласында дүниеге келген. 1979-1983 жылдары Кентау каласының көркем-сурет мектебін үздік бітірген. 1987-1992 жылдары Алматы қаласының Н.В.Гоголь атындағы көркем-сурет училищесінде оқыды. 1992 -1995 жылдары Алматы қаласы керамика заутында, эксперименталды цехында суретші-кескіндемеші болып жұмыс істеді. 1996 жылдан бастап суретші-кескіндемеші болып еркін шығармашылықпен айналысады. 2003 жылдан Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі.
Жеке көрмелері:
Бірінші шығармашылық көрме. Алматы қаласы орталық көрме залы. (2003ж)
«Шығыс әуендері» атты Екінші шығармашылық көрме. Алматы қаласы Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік Өнер мұражайы. (2007ж)
Үшінші жеке көрмесі. Алматы қаласы Суретшілер одағының көрме залы. (2009ж)
Төртінші жеке көрме «Тенгри Умай» галлереясы «Заглядывающий» атты көрме (2011ж)
Бесінші жеке көрмесі. Астана қаласы Тәуелсіздік сарайы. (2011ж)
«Киелі дала» атты алтыншы шығармашылық көрме. Алматы қаласы «Алмата-Арт» галереясы. (2013ж)
2011жылғы «Мұсылман елдерінің креативті онерінің Бүкіләлемдік форумының» қатысушысы. Ұйымдастырушысы Малазия.
2008 жылы Қазақ ою-орегін жаңашаландыруға сіңірген еңбегі үшін ОЮ галлереясының дипломын алды.
2014 жылы «KAZENERGY» компаниясының Республикалық мұнай және газ тақырыбына арналған шығармалар көрме-сайысының женімпазы ретінде І-ші жүлдесі және дипломы.
Жұмыстары сақталуда:
Рига қаласы «Халықаралық Балтика Академиясы» музейінде.
Алматы қаласы Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік Өнер мұражайында.
Астана қаласының Қазақстан Мемлекеттіқ Ұлттық Мұражайында.
Талдықорған қаласының Өнер галиреясында.
Әлемнің 40 мемлекетінің жеке қорларында.
Әлемнің үмітіне үрей туғызып, көңіліне қаяу түсіріп, жан әлемін құлазытып тұрған осынау пандемия кез...