Нұрбек Жардемов
СУРЕТШІЖардемов Нұрбек Екпінұлы (bekus) 10 қазан 1971 жылы Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Есенсай ауылында дүниеге келді. 1988 жылы Кзыл-Орда қаласында орта мектепті бітірді. Еңбек жолын Жәнібек ауданы, Ғ. Қараш атындағы орта мектебінде суретші-безендіруші болып, содан кейін 2000 жылы Орал қаласында, "Экспо", "Универтекс" жарнама агенттігінде суретші-дизайнер. 2009-2018 жылдары қалалық көрме залында (суретші), 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Жастар мәдениет үйінде (суретші-безендіруші). 2014 жылы М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген, мамандығы бойынша "Бейнелеу өнері және сызу".
Жеке көрмелері:
2007 ж. – Орал қаласы "Жанымның жарығы",
2008 ж. – Ақсай қаласы "Свет души",
2009 ж. – Атырау қаласы "Жұлдызды аспан",
2010 ж. – Орал қаласы "Әуенді түс сырлары"атты,
2010 ж. – дербес көрмесі «Әуенді түс сырлары», Орал қаласы
2013-2015 ж. ж. - аймақтық конкурс көрмесі "Алтын қайық", Атырау қаласы
2017 ж. – республикалық көрмесі, Орал қаласы
2018 ж. – халықаралық көрме "Просторы приуралья", Уфа қаласы (Башкортостан)
2019 ж. – «БҚО суретшілерінін шығармашылық көрмесі», ҚР Ұлттық музейі, Астана қаласы
2019 жылы – жеке көрме "Аке арманы", Орал қаласы
2019 ж. – пленер-көрме «Доссор-Махат», Атырау қаласы
2019 ж. - пленер-көрме «Ұлы жібек жолы», Құлсары қаласы, Атырау қаласы
2019 ж. – симпозиум-көрме, 01.11-14.11.2019 кезінде. Қазіргі заман өнері мұражайы, Солтүстік Кипр Түрік республикасында.
2019 ж. – жеке көрмесі, қазіргі заман өнері мұражайы. Солтүстік Кипр Түрік республикасында (27 желтоқсан), "Күміс кілт" иегері.
Жардемов Н.Е. (bekus) жұмыстары таяу және алыс шет елдірінде, жеке коллекцияларда табылады.