Жайық Күшікбаев
СУРЕТШІЖайық Күшікбаев – Қазақстан Республикасының суретшілер Одағаның мүшесі. 1968 жылы 18 сәуірде Талдықорған облысы Сарканд ауданы Бакалы ауылында дүниеге келді. Оның әкесі Елес Күшікбайұлы ұстаз қызметін атқарған. 1987 жылы Алматы Н.В. Гоголь атындағы көркемсурет училищесінде оқуын бітірді. 1995 жылы С.А. Герасимов атындағы Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтында «Қоюшы-суретші» мамандығы бойынша оқуын тәмамдайды. 1995-2019 жж. аралығында Т.Жургенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында «Академиялық сурет» кафедрасында жұмыс істеді. Кафедра доценті. 2020 жылдан «Астана –Тұран» университетінде «Дизайн» кафедрасында оқытушы. Еліміздің елордасының безендіру жұмысына белсенді қатысқан. Мысалы, «Думан» ойын-сауық орталығы мен «Нұр-Астана» мешітінің көркемдеу жұмысында еңбек етті.
11.11.2015 ж.- ҚР Ә.Кастеев атындағы Мемлекеттік музейде «Парыз» жеке көрмесінің салтанатты ашылуы ұйымдастырылды. (Алматы қаласы)
21.12.2018 ж. – Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік музейінде «Панорама» атты жеке көрмесі ашылды. (Алматы қаласы)
09.01.2020 ж.- «Мәңгілік ел» Салтанатты қақпасында «Көкжиек сызығы» атты жеке көрмесі өтті. (Нұр-Сұлтан қаласы)
Жасыру