Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. ҚР Көркем Академиясының академигі. Әлем халықтары өнер қауымдастығының академигі және еңбек сіңірген суретшісі. Халықаралық, бүкілодақтық және республикалық көрмелер мен симпозиумдардың қатысушысы, ұйымдастырушысы.
1956 жылы 3 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданында туылған. 1978 жылы Шымкент мемлекеттік педагогикалық институтының «көркемсурет-графика» факультетін бітірген. Суретші-график, кескіндемеші. 1982 жылдан ҚР Көркемсурет қорының өндірістік шеберханасында суретші. 1989 жылы бас суретші, директор, 1991 жылдан Оңтүстік Қазақстан облыстық Суретшілер одағының басқарма төрағасы болып төрт мерзімге сайланған. 2009 жылы Көркемсурет галереясының меңгерушісі, 2015 жылдан бастап Түркістан облыстық Бейнелеу өнері музейінің директоры және осы музейдің негізін қалаушы. «Облысқа сіңірген еңбегі үшін», бірнеше мерекелік және қоғамдық қорлардың медалдарымен марапатталған.
Түркістан облыстық Бейнелеу өнері музейінің қорында 17 графикалық 72 кескіндемелік тақырыптық шығармашылық жұмыстары сақтаулы. Жалпы 89 картинаның 60 жұмысын суретші алпыс жылдық мерейтойлық жеке көрмесінде музей қорына сыйға берген.
А. Оспанов басшылықпен шығармашылықты ұштастыра білген азамат. Алыс-жақын шетелдермен өз еліміздің музейлерінде он рет жеке шығармашылық көрмелері өткізілген. Тарихи, философиялық, сюриализм, салт-дәстүр, лирикалық тақырыптарда жұмыс жасайды. Үнемі ізденістегі суретшінің тақырыптық жұмыстары әлемнің көптеген музейлеріне сақтауға алынған. Суретшілік негізі графикадан басталғандықтан кескіндемедегі суреттер нақты және академиялық реализм стилін негізге алады. Қазақ өнерінде өз қолтаңбасы мен ерекше шешімді қалыптастырған.
«Көне қала» картинасы орта ғасырдың басындағы тарихты баяндаса, «Бамдат» картинасы қазіргі Түркістандағы Қ.А.Ясауи кесенесінің қазіргі көрінісін сюриалистік бағытта суреттеген баянды шығарма.
«Құнанбайдың қажылық сапары» 1870-1880 жж. Қажылық сапарда Құнанбайдың Медина қаласында көк мешіт Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) жерленген мешіт кесенесі алдында тәкбірде тұрып үш жыл бұрын қажылыққа келіп шейіт болған Жанқұты шешенмен қоштасуды «Сен пейіштің табалдырығында, Пайғамбарымыздың қасында жатырсың досым, Алла тағала тілеуіңді берді. Ал мен еліме әлі де керек болдым ба?, Қош бол досым мен кеттім боқ дүниеге»,-деп қоштасуын суреттеген кезі екен.
«Тоғжанның келбеті» тақырыптық картинада Тоғжанның ауыл жанындағы қыр үстіндегі образы арды нәпсіден жоғары қойған қазақ қызының келбеті бесікте атастырылған Тоғжан салт-дәстүрді сақтап, қадірлеген ақылды бойжеткен.
«Аманат» картинасы Қоқан хандығы тұсында ел қамы үшін күрескен батыр Биназардың портреті. Тарихи деректерге сүйеніп, ізденіспен орындалған.
«Реквием» қазақ даласының тарихындағы батырлар образы, жер, ел үшін мерт болған батыр бабаларымыздың қайталанбас ерлігі десе болады. Бұл шындық образы.
«Қызғалдақтар қаласы-Шымкент» қалалық пейзажда көктем мезгілінің керемет көрінісі, шебер бояулы шешіммен үйлесім тапқан.
Жасыру