Гүлнəр Даирова
СУРЕТШІДаирова Гүлнəр (Гүлназ) Ержанқызы Омбы облысының Нововаршавка ауданындағы Ермак кентінің Алкул ауылында дүниеге келген. 2007 жылы ОмМПУ (Омбы мемлекеттік педагогикалық университет) Өнер факультетінің "Бейнелеу өнері" бөлімшесін бітірген. 2007 жылы Қазақстанға қоныс аударған, Павлодар қаласында тұрады жəне жұмыс істейді. Халықаралық жəне республикалық көрмелерге, конкурстарға, симпозиумдар мен пленэрлерге қатысты.
2019 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының мүшесі.
Гүлнар Даированың жұмыстары Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының мұражайлар қорында, сонымен қатар Германия, Қырғызстан, АҚШ, Лондон жəне т.б. жеке коллекцияларда сақталған.
Суретші Гүлнар Даированың көркем кенептері батыл түстер үйлесімділігімен көзге тартымды. Пейзаждар мен композицияларында бұлжымайтын батылдылық бояулары сезіледі. Сурет өнерінің түрлі техникаларын қолданады: қылқалам, мастихин. Сонымен бірге жұмсақ материалмен де жұмыс жасайды. Əсіресе пастельдік жұмыстары қарапайым сюжетімен, көңіл-күйді, жан жағдайын күрделендірмей жеткізе білу шеберлігімен қызықты.
Суреттері махаббат пен үйлесімділікке толы.
Әлемнің үмітіне үрей туғызып, көңіліне қаяу түсіріп, жан әлемін құлазытып тұрған осынау пандемия кез...