Аманжол Сұлтан
СУРЕТШІАманжол Сұлтан Айдосұлы 1993 жылы 1 ақпан күні Алматы олысы, Райымбек ауданы, Сарыжаз ауылында туып өскен. 2010-2015 жылдары аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Көркем сурет факультетінде бес жылдық Живопись мамандығы бойынша білім алды. 2017-2019 жылдары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Өнер және мәдениет институтының Өнертану мамандығының магистр дәрежесін қорғап шықты. Республикалық және Халықаралық симпозиум, жоба, фестивальдардың белсене қатысушысы және бірқатар байқаулардың жеңімпазы.
Жасыру2013 жылғы Абай атындағы КазҰпу –де студенттер мен магистранттарға арналган жыл сайын өтетін студенттік ғылыми конференциядан жазған живописьтік жұмысы бас жулденің иесі атанды. 2015 жылдан Жас суретшілер одағының мүшелігіне енді. 2015 жылғы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған "Тарих жаңғырығы" атты көркемсурет көрмесінің дипломанты. 2015 жылғы Алматы метрополитенінде, 2016жылғы Алматының 1000жылдығы Көшпенділер ізімен атымен, 2017 жылы «Белый Роял» галереясында «Көктем ғажабы Атты» ұжымдық көрмелерін өткізді. 2016 жылғы халықаралық "Made in Astana" фестивальіне, 2017жылы "JasStar" халықаралық фестиваліне қатысып тың идеясы үшін дипломдармен марапатталған. 2018-2019 жылдары Турция, Кипр мемлекеттерінде жеке көрмелерін өткізіп, мастер клас көрсетті. 2019 жылғы Талғар өңірінде өткен 72 сағаттық «Бәйшешек» республикалық плэнеріне қатысты 2019 жылы Кипр мемлекетінде Аласиа сыйлығының иегері атындағы. 2019 жылы Алматы Жас суретшілер көрмесінің бас жүлдегері атанды.
Суретші Аманжол Сұлтан жазған 7 картина
Әлемнің үмітіне үрей туғызып, көңіліне қаяу түсіріп, жан әлемін құлазытып тұрған осынау пандемия кез...