Бақытқали Оразов
СУРЕТШІБақытқали Оразов 1959 жылы Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Тасқұдық ауылында дүниеге келген.1986 жылы Орал педагогикалық институтының көркем-графика факультетін бітірген.Көптеген халықаралық және республикалық шеңбердегі көрмелерге қат ысушы. Оралда тұрады және сонда еңбек етеді.
Қазақстан Республикасыныңбелгілі өнер танушысы З.Ыдырыстың айтуы бойынша, "Б.Оразов шығармашылығы философиялық ой-толғауға негізделген ізденістерге толы.Кенептерінің басым көпшілігі көк,сұр және ақ түстердің қатынасында шешіліп абстракциялық мәнерге ие. Силуэт пен көлеңкенің айқын қатысы негізінде кес кінделген бейнелері белгілі бір портреттік ұқсастықты,уақыттық немесе мезгілдік дәлдікті,тарихи оқиға дерегінің нақтылығын қажет етепейді. Кенеп кеңістігі шексіз, бірақ кадрлық сипатқа ие".
Б.Оразов 1987 жылдан бері мүсін өнерімен айналысуда. Оның мүсіндік композициялары мен ескерткіштері Батыс Қазақстан облысы аудандарының көркін аша түскен.
Б.Оразов 2013 жылдан бері Қазақстан Республикасы суретшілер одағының мүшесі.
ЖасыруӘлемнің үмітіне үрей туғызып, көңіліне қаяу түсіріп, жан әлемін құлазытып тұрған осынау пандемия кез...