Камила Жапалова
СУРЕТШІЖапалова Камила Абенқызы 1972 жылы 13 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 1993 жылы Шымкент қаласындағы Ә.Қастеев атындағы көркем сурет-өнер училищесін үздік бітіріп, 1994 жылы Санк-Петербург қаласындағы өнер училищесіне жолдама алады. 1999 жылы «Батик және қолданбалы өнер» мамандығы бойынша бітіріп шықты. 2005 жылы Х.Досмухамедов атындагы Атырау мемлекеттiк университетiнің өнер және дизайн факультетін бiтiрдi. Осы жылдан бастап өнер саласында өзін білікті, талантты маман ретінде танытып келеді. Жапалова Камила Абенқызы жемісті еңбектері үшін көптеген мадақтаулар мен наградаларға ие болған:
Халықаралық «Шабыт» шығармашылық жастар фестивалінің лауреаты.
“Қазақстан Республикасының суретшілер одағы” мүшесi.
“Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткерi”
“Қазақстан Республикасы көркем академиясының мүше-корреспонденті”
“Қазақ өнерінін қайраткері”
“Ресей суретшілерінің кәсіби одағы” мүшесі
- 2001 жылы Атырау қаласында «Халықтық қолданбалы өнер» жәрмеңкесіне қатысып, жақсы баға алды. - 2002 жылы тамыз айында Атырау облыстық өнер мұражайында «Сезім» атты жеке көрмесі өтті. - 2002 жылы қараша айында Франция, Париж қаласында суретшілердің бүкіл әлемдік көрмесіне қатысып, арнайы дипломмен марапатталды. - 2002 жылы желтоқсан айында Ә.Қастеев атындағы өнер музейінде Алматы қаласында «Дала мен қала» Республикалық көрмесіне қатысты. - 2004 жылы сәуір айында Алматы қаласындағы Ә.Кастеев атындағы өнер музейінде VII Республикалық «Батик әлемі» көрмесіне қатысты. - 2004 жылы Астана қаласында VII «Шабыт» шығармашылық жастар фестивалінде Құрмет грамотасымен марапатталған. - 2005 жылы тамыз айында Алматы қаласында «Қанатты әйел-2» атты көрмесіне қатысты. - 2005 жылы Атырау қаласында өткен қолданбалы өнер шеберлерінің «Көне өнердің жаңа қырлары» байқауының жеңімпазы. - 2006 жылы Астана қаласында өткен «Атамекен» халықаралық фестивалінде дипломмен марапатталды. - 2007 жылы Астана қаласында өткен ЮНЕСКО көлемінде Халықаралық шығармашылық жастар «Шабыт» фестивалінің бірінші дәрежелі лауреаты атанды. - 2007 жылы Ш.Сариев атындағы Атырау облыстық өнер музейінде «Өнер белесі» атты II жеке шығармашылық көрмесі өткізілді. - 2008 жылы Астана қаласындағы еліміздің Тұнғыш Президентінің музейінде өткен көрмеге қатысты. - 2008 жылы Кипр елінде, Қазақстан және Түркі Халықтарының қолданбалы өнер көрмесіне қатысып, Құрмет дипломымен марапатталған. - 2009 жылы сәуір айында Ш.Сариев атындағы Атырау облыстық өнер музейінде «Қазақстан халқының бірлігі» мерекесіне арнап жеке көрме ұйымдастырды. - 2011 жылы мамыр айында Ресей, Санкт – Петербург қаласындағы суретшілер Одағының ғимаратында «Млечный путь» атты жеке шығармашылық көрмесі ұйымдастырылды. - 2011 жылы маусым айында Санкт –Петербург қаласындағы Басылым үйінде «Шелковый путь» тақырыбымен жеке көрмесі ұйымдастырылды. - 2012 жылы «Нұр Отан» демократиялық партиясының ұсынысымен, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлынан жоғары азаматтық белсенділігі үшін алғыс хатпен марапатталды. - 2013 жылы қараша айында Кытай елiнде «Тұнғыш қазақ елінің көрмесі» атты көрмеге қатысты. - 2013 жылы Қытайда «Шин Жиян» көркем өнер институтында жеке шығармашылық көрмесiне қатысты. - 2014 жылы Қытайда, Шиян қаласында «Туризм және өнер» Халықаралық ЭКСПО фестиваліне қатысты. - 2015 жылы Қытай, Қашқар қаласында, Халықаралық өнер көрмесіне қатысты. - 2015 жылы Алматыда «Рамада» қонақ-үйінде «Сырғамның сыңғыры» атты жеке көрмесі өтті. - 2015 жылы. Турция, Стамбұл қаласында «Золотой мост Астана-Стамбул» атты симпозиуміне қатысты. - 2015 жылы. Астанада Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Республикалық көрмесіне қатысты. - 2015 жылы. Алматы. Қазақстанның дүниежүзілік құрылтайшылардың бас қосуында «Жанашыр» халықаралық жобасына қатысты. - 2015 жылы Әбу-Даби және Дубай қаласында, Біріккен Араб Әмірліктеріндегі шейх Халифа бен Заид Әл Нахаянның қолдауымен халықаралық, мәдени фестиваліне қатысты. - 2016 жылы. Германияда. Мюнхен қаласында «НАУРЫЗ» көрмесіне қатысты. - 2016 жылы. Астана. «Жасыл экономика» және «G-Global» дамыту үшін «G-GEGD Жасыл Kaz» көрмесіне қатысты. - 2016 жылы «BatiKKami» мәдени қорын ашты. - 2017 жылы Ш.Сариев атындағы Атырау облыстық өнер музейінде «Дала дауысы» ЭКСПО-2017 жеке шығармашылық көрмесі өтті. - 2017 жылы 26 наурыз. Алматы-Атырау. «Бейбітшілік әлемі» (Планета Мира – World of Peace).Халықаралық Ұстаздар Одағы, Көркем Өнерпаздар Одағы. «Мәнгі Ел, Қазақстаным!» фестивалінде Камила Жапалованың жетекшілігімен, Х.Досмұхамедов атындағы университетінің студенті - Заман Аль-Хафиз бас жүлде дипломымен және «Бейбітшілік Әлемі» төсбелгісімен марапатталды. - 2017 жылы Армения, Ереван қаласында халықаралық «ARVEST EXPO-17» көрмесіне қатысты. - 2017 жылы «BatiKKami» мәдени қоры, Атырауда тұнғыш рет авторлық жобамен «Сұлулық әлемді құтқарады» атты халықаралық суретшілер симпозиумын ұйымдастырды. - 2017 жылы (03.10-06.10.2017) Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру» мақаласы негізінде, Отандық мәдениет пен өнерді насихаттау мақсатында Атырау қаласының әкімшілігімен бірлесе отырып Атырау мемлекеттік Х.Досмұхамедов атындағы университеттің қолдауымен авторлық жоба «Сұлулық әлемді құтқарады» атты суретшілердің халықаралық симпозиумын өткізді. Аталған жобаға Х.Досмұхамедов атындағы университетінің өнер және дизайн факультетінің оқытушыларымен студенттері қатысты. Аманов Қ.Х.,Утаралиев А.Б.,Кендір О.Қ.,Бермағамбет Н.А. және Ел ағасы Илья Жақанов қатысты. Аталған симпозиумде Х.Досмұхамедов атындағы университеттің студенті, озық шәкірт Салимова Тілекші Лауреат атанып, дипломмен марапатталды. - 2017 жылы АҚШ, Нью-Йорк қаласында өткен «Art-Nomads» көрмесінде алтын медалімен марапатталды. АҚШ елінде тұңғыш рет, қазақ көркем өнерін Батик стилінде ашушы атағын алды. - 2018 жылы қаңтар айы Камила Жапалова жетекшілігімен «Алатау шыңы» III Республиқалық жастар шығармашылық конкурсының «Сәндік өнер» номинациясы бойынша Даулеткереев Аманжол I-дәрежелі Лауреат дипломымен марапатталды. - 2018 жылы сәуір айы АҚШ, Нью-Йорк қаласында «ART-Expo New-York» бүкіл әлемдік көрмесіне қатысып, марапатталды. - 2018 жылы сәуір айы АҚШ, Нью-Йорк қаласында Камила Жапалованың жетекшілігімен Х.Досмұхамедов атындағы университетінің өнер факультетінің студенті Заман Аль-Хафиз «VOICE OF NOMADS» халықаралық байқауында Алтын медалімен марапатталды, осы жылы екінші рет «THE SEASONS» Art халықаралық байқалуында Алтын медалімен марапатталды. - 2018 жылы Атырау қаласында екінші рет авторлық жобамен «Сұлулық әлемді құтқарады» атты халықаралық суретшілер симпозиумын өткізді. - 2018 жылы (03.10-06.10.2018) Елбасымыздың болашаққа бағдар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Атырау қаласының әкімшілігімен бірлесе отырып Атырау мемлекеттік Х.Досмұхамедов атындағы университеттің қолдауымен Жапалова Камиланың авторлық жобасы “Сұлулық әлемді құтқарады” атты суретшілердің халықаралық симпозиумын өткізді. Аталған жобаға Х.Досмұхамедов атындағы университетінің өнер және дизайн факультетінің оқытушыларымен студенттері қатысты. Аманов Қ.Х.,Утаралиев А.Б.,Кендір О.Қ.,Бермағамбет Н.А. және Ел ағасы Илья Жақанов қатысты. Аталған симпозиумде Х.Досмұхамедов атындағы университеттің студенті, талантты шәкірт Ізмұханова Арайлым Лауреат атанып, дипломмен марапатталды. - 2018 жылы Камила Жапалованың Х.Досмұхамедов атындағы университетінің студенті Заман А. Италия еліндегі Турин қаласындағы IAAD университетінің дизайн факультетіне тегін оқуға әлемдік грант ұтып алып, жолдама алды. - 2019 жылы Ташкент қаласында өткен «Aspara Fashion Week» Халықаралық сән көрсетіліміне қатысты. - 2019 жылы Атырау облысының әкімі Ноғаев Нұрлан Асқарұлынан өнер саласында атқарған қызметі үшін алғыс хатпен марапатталды. - 2019 жылы Х.Досмұхамедов атындағы университетінің студенттеріне жұмыстан тыс уақытта өнер саласында тегін шеберлік сабақтарын көрсетіп, студенттердің әртүрлі көрмелерге қатысуына жетекшілік жасады. Солардың бірі «Нұр Отан» партиясының «Жемқорлыққа қарсымыз» атты балалар арасындағы сурет конкурстары және «Жемқорлықсыз жаңа әлем» атты байқауларға студенттерді дайындады. - 2019 жылы Кипр, Никосия қаласында «Kibris Modern Sanat Muzesi» Халықаралық симпозиумына қатысты. - 2019 жылы Кипр еліне Х.Досмұхамедов атындағы университетінің атынан барып, Никосия қаласындағы халықаралық «Near East» универститетінде суретшілер симпозиуміне қатысып, жұмыс туындылары музей қорына қалдырылды. Екі елдің, екі университеттерінің мәдени достығын нығайтуға ықпал етті. - 2019 жылы Атырау қаласында Ш.Сариев атындағы музейінде «Шексіз Әлем» атты жеке көрмесі өтті. - 2019 жылы Атырау қаласында қайырымдылық аукционына қатысты. - 2019 жылы «BatiKKami» бренд, Отандық өнім «Қазақстанның үздік тауары» номинациясында жеңімпаз атанды. - 2019 жылы Қазақстан қоғамдық марапаттар жөніндегі Республикалық кеңес төреағалардың шешімімен «Қазақ өнерінін қайраткері» марапатына ие болды. - 2020 жылы қантар айы Қазақстан Президенті – Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылды Қазақстандағы Волонтер жылы деп жариялауына байланысты Х.Досмұхамедов атындағы университеті, жастар саясаты департаментімен бірлесе отырып «Бұлақ көрсең көзін аш» деген жобасымен Нұр-Сұлтан қаласынан «Hazifa» мектеп студиясының мастерін шақырып, студент жастарымызға тегін 3 күндік тігіп, пішу шеберлік сабағын өткізіп, қатысқан студенттерді сертификаттармен марапатталды. - 2020 жылы «Artist & Creativity» номинациясында «New-York Realism Fine Art-2019» алтын медалімен марапатталды. - 2020 жылы наурыз айы Х.Досмұхамедов атындағы университеті, жастар саясаты департаментімен бірлесе отырып салт дәстүрімізді дәріптеу мақсатында «Аtyrau University SULTANY-2020» және «Atyrau University ARY”Y-- - - 2020» байқау қатысушы студенттердін дайындығын қадағалап, қыздарға казақи нақыштағы көйлектер тігіп көмектесті. - 2020 жылы Швеция, Стокгольм қаласында «Stockholm International Fashion Fair» фестиваліне қатысты. - 2020 жылы мамыр айы Коронавирус пандемиясының салдарынан, карантинде үйде отырып, Х.Досмұхамедов атындағы университеттің ұйымдастыруымен бірге Әл- Фарабидің 1150 жылдығын атап өту онлайн семинарда өнер және дизайн факультетінің студенттеріне жетекшілік ете отырып Әл- Фараби бабамыздың өмірін, портретін бейнелеп, шеберлік сабағын көрсетті. - 2020 «ASPARA» fashion week Taraz халықаралық онлайн сән апталығына қатысты. - 2020 “Ресей суретшілерінің кәсіби одағы” мүшесіне кірді.
1
Жасыру
Суретші Камила Жапалова жазған 7 картина
Мәдениет порталы" ұжымы елге белгілі, өзіндік орыны бар суретшілерге сауын айтып, өздерінің көң...