Нұрболат Ысқақов
СУРЕТШІ«Ел іші – өнердің кеніші» деген рас. Алтын бесік ауылдарды араласаң ел мен жердің жақсылығын дәріптейтін, ұлтымыздың неше түрлі өнерін ту еткен дарынды жандарды жиі кездестіріп жатасың. Сондай таланттардың бірі – Жетісудың төрі саналатын Аспантау өлкесінің тумасы, Нарынқол ауылында тұратын қылқалам шебері Нұрболат Ысқақов. Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Көркемсурет академиясының корреспондент-мүшесі, аталған академияның «Таранда Великого Эля» атты медалінің иесі Нұрболат Ысқақовты көп жұрт біле бермегенімен, өз саласының білгір маманы ретінде елге елеулі қызмет етіп келеді.
Жасыру