Николай Бердяев
ФИЛОСОФНиколай Александрович Бердяев [6(18) наурыз 1874, Киев – 23 наурыз 1948, Кламар, Париждің маңында] – орыс философы әрі публицист. IК94 жылы Әулие Владимир университетінің (Киев) алдымен жаратылыс, ҺСІІІН заң факультетінде оқыды. 1898 жылы марксизммен айналысқаны үшін және социал-демократиялық қозғалысқа қатысқаны үшін тұтқынға шығып, университеттен шығарылды. 1902 жылы метафизика мен діни философияның ұстанымына біржолата шықты. 1922 жылы революцияға қарсы қызметі үшін В.И.Лениннің бұйрығы бойынша көптеген зиялылармен бірге «философтар кемесімен» шетелге қуылды. Бердяевтің 1924 жылы Берлинде жарық көрген «Жаңа орта ғасыр. Ресей мен Еуропаның тағдыры туралы пайымдау»» атты еңбегі оны Еуропаға танытты. 1925 жылдан 1940 жылға дейін Н.А.Бердяев шетелдегі орыстың діни-философиялық ой-санасының белгілі басылымы - «Путь» журналының редакторы болды. Онда сондай-ақ еуропалық діни ой-сананың көрнекті өкілдерінің еңбектері басылды (атап айтқанда, Ж.Маритен мен П.Тиллих). Бердяев эмиграцияда еуропалық діни үдерістің белсенді катысушысы болды; ол көптеген батыс философтарымен қарым-қатынаста болды (Э.Мунье, Г.Марсель, К.Барт және т.б.). Ол сонымен қатар ИМКА-ПРЕСС-тің редакторы қызметін атқарды. Негізгі еңбектері: «Қоғамдық философиядағы субъективизм мен индивидуализм» (1901), «Бостандық философиясы» (1911), «Шығармашылықтың мәні. Адамды ақтаудың тәжірибесі» (1916), «Тарихтың мәні, Адамзат тағдыры философиясының тәжірибесі» (1923), «Мен және объектілері әлемі. Жалғыздық пен қарым-қатынас философиясының тәжірибесі» (1934), «Адамның құлдығы мен бостандығы. Персоналистік философияның тәжірибесі» (1939), «Рухтың патшалығы және Кесарь патшалығы» (қайтыс болғаннан кейін, 1949 жылы жарық көрді) және т.б.
Авторы Николай Александрұлы Бердяев1Біздің дәуірімізде таным үшін де, және өмір үшін де мәдениет пен...