Әбдімәлік Әшіров
ҒАЛЫМӘбдімәлік Әшіров – техника ғылымдарының докторы, профессор, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі.
Әбдімәлік Манапұлы 1944 жылы 1 наурызда Ташкентте, педагогтар отбасында дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң 1961-1967 жж аралығында Д.И. Менделеев атындағы Мәскеу химия-технология институтының физика-химия факультетінде оқыған. Еңбек қызметін Қазақ химия-технология институтында проблемалық зертхана инженері лауазымынан бастаған. 1968-1980 жылдар аралығында аспирантураны бітірген соң аға оқытушы, аға ғылыми қызметкер, сондай-ақ физика және коллоидті химия кафедрасының доценті болып жұмыс істеген. 1973 жылы Ә.Әшіров кандидаттық диссертация қорғаған. 1980 жылы ҚазХТИ проблемалық зертхана меңгерушісі болып тағайындалған. 1992 жылы «Көпатомды спирт алу мақсатында адсорбция процесі мен моноза гидрогениациясын зерттеу» тақырыбына докторлық диссертация қорғады. 1992-1994 жылдар аралығында Х.А. Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің Шымкенттік бөлімшесінде кафедра меңгерушісі, факультет деканы, проректор лауазымдарында жұмыс істеген.
1994-1998 жылдар аралығында Х.А. Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің Шымкенттік бөлімшесінің ректоры болып жұмыс істеген. 1998 жылдан бастап Х.А. Яссауи атындағы ХҚТУ президентінің кеңесшісі, ал 2000 жылдан бастап Жалпы химия кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс істеген.
Әбдімәлік Әшіров гетерогенді катализ және биотехнология обылысында жетекші маман, 50-ден аса патент пен авторлық өнертабыс куәліктің, 250-ден аса ғылыми мақаланың, 15 монография мен оқулық авторы. Әлемдік масштабта ең маңыздылары - 2007 жылғы «Сана экологиясы», 2014 жылғы «Ақпараттық агротехнологиялар» және 2015 жылғы «ХХІ ғасырда адамзаттың күнкөріс стратегиясы және азық-түлік қауіпсіздігі» монографиялары. Оның ағылшын тіліндегі «The conseptual strategy for humankind’s survival un the xxi century and food security» атты монографиясы 29.11.2016 ж. Кембридж университетінде таныстырылған.
Әбдімәлік Әшіровтың жетекшілігімен 2 докторлық және 16 кандидаттық диссертация қорғалған. Оның ғылыми зерттеулерінің нәтижелері 8 ел – Өзбекстан, Қазақстан, Тәжікстан, Ресей, Украина, Түркия, Германия және Канадада өндіріске енгізілген. «Қазақстан Республикасы ғылымына қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталған.
Ұлттық инновациялық қордың, ҚР индустрия және сауда министрлігінің, ҚР ЖОО-лар қауымдастығының шешімімен 2005 жылы Ә. Әшіров 2001-2005 жж. «Үздік сайлаушы» деп танылды. 2004 жылы Ресей және Германия (Ганновер) сараптамасынан соң Әбдімәлік Әшіров № 272 «Ауыл шаруашылық дақылдары тұқымдарын биорезонансты белсендіру заңдылықтары» ғылыми жаңалығы үшін дипломмен және Нобель сыйлығының лауреаты П.Л.Капицаның «Ғылыми жаңалық авторына» медалімен марапатталған.
Ол алты бала және 11 немере тәрбиелеген. Ә. Әшіровтың немерелерінің бірі Ж.Әбдімәлік – шахматтан әлемнің төрт дүркін чемпионы, халықаралық гроссмейстер.
ЖасыруТәннің өлетінін, сезімдердің өткіншілігін жан біледі. Сосын жарық дүниеден мән таппай шарқ ұрады. Он...