Икрам Адырбеков
ЖАЗУШЫАдырбеков Икрам Адырбекұлы – мемлекет және қоғам қайраткері. 1950 жылы 8 шілдеде Өзбекстанның Ташкент облысы Чиназ ауданында дүниеге келген.
1972-1991 жылдар аралығында Қазақ Ұлттық ғылым академиясында, Мемлекеттік агроөнеркәсіп саласында жемісті еңбек еткен.
1992-1996 жылдары – «Қазагросыртқысауда» бірлестігінің бас директоры, 1996-1997 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметтерін атқарған.
1998-2004 жылдар аралығында Литва, Латвия, Эстония, Малайзия, Индонезия, Филиппин, Бруней елдеріндегі Қазақстанның Төтенше және Өкілетті елшісі
қызметінде болған.
2004-2007 жылдары – Қызылорда облысының әкімі.
2007-2011 жылдары – Қазақстанның Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі.
2011-2017 жылдары – ҚР Парламент Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы, төрағасы.
«Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі» жоғарғы дипломатиялық рангісі берілген. Экономика ғылымдарының докторы. ІІІ дәрежелі «Барыс», «Парасат», «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» және көптеген медальдармен марапатталған. Қызылорда облысының Құрметті азаматы.
ЖасыруЕлордада ҚР Сенаты жанындағы Сенат Кеңесінің мүшесі, экономика ғылымдарының докторы, Жаратылыстану ғ...