Оскар Уайлд
Оскар Уайлд (англ. Oscar Wilde), толық аты О́скар Фи́нгал О’Фла́эрти Уи́ллс Уа́йльд (ағыл. Oscar Fingal O’Flahertie Wills Wilde; 16 қазан 1854 — 30 қараша 1900) — ағылшын философы, эстеты, жазушысы, ирландық тегінен шыққан ақын. Бергі Викториандық кезеңнің ең танымал драматургы. Лондондық сәнқой, кейінірек "әдепсіз мінез-құлық" үшін сотталған (гомосексуалдық қатынас) екі жыл түрмеде содан соң Францияға түзетілу жұмыстарына кетіп, басқа атпен кедейлікте өмір сүрген.
Өзінің парадокс пен афоризмдерге толы пьессаларымен танымал болған.
Ирландия астанасы Дублинде дүниеге келген. Анасы Джейн Уайлд 1848 жылы «Жас ирландықтар» деп аталатын төңкерісшілер қозғалысына «Үміт» лақап атымен өлең жазып, ғұмыр бойы ұлтшылдық көзқарасынан танбаған. Анасының ықпалымен үлкен өмірге қадам басқан болашақ жазушының жолы даңғыл да соқпаққа толы.
Ол проза саласының роман жанрында логикалық нақтылық пен қарапайымдылықты негіз етіп, табиғаттың өзара үйлесімділігін тіл байлығы арқылы жеткізе білген. 1890 жылы жарыққа шыққан «Дориан Грейдің портреті» атты романы, комедиялық драматургиядан «Мінсіз күйеу», «сабыр сақтаудың маңыздылығы» сынды шығармалары ешкімге ұқсамайтын ерекше стилбмен, ой өткірлігімен оқырман қауымның назарын өзіне аударды. Поэзия саласында адамдардың мінезін, лирикалық эмоциясын өлең жолдарына нақышпен енгізген шебер қаламгердің философиялық ой-тұжырымдары да бүгінгі күнге дейін маңызын жоғалтпаған.
Сіз өміріңізде бір рет болсын естіген дыбысыңызды көріп пе едіңіз? Яки көрген түсіңіздің дәмін сезіп...