Данте Алигьери
АҚЫНДанте Алигьери (1265 - 1321 ж.ж.) - Қайта Өрлеу дәуіріндегі ұлы итальян ақыны. Дантенің "Құдіретті комедиясы" итальян әдеби тілін қалыптастырды. Дантенің ұлы шығармаларына тәнті болған халқы, ұрпағы кейіннен оны (XVI ғ.) "Құдіретті комедия" деп атады. "Құдіретті комедия" (1307 - 1321) кейіннен өлемге әйгілі шығарма болды. Данте бұл шығармасында орта ғасырға тән сюжетті алып, өзінің қуатты көркемдік қиялымен оқырманды тамұқтан, күнәдан тазаруына жол ашады және ұжмақтан өткізеді. Дантенің кейбір аңғал замандастары ол "о дүниеде болып келген-мыс" - деп ұққан. Дантенің "Құдіретті комедия" шығармасы "Тамұқ", "Күнәдан тазару", "Жұмақ" деп аталатын үш бөлімнен тұрады. Тамұққа, терең жер астына, күнәһар адамзат өкілдері, кісі өлтіргендер, өзіне қол салғандар түседі де, мәңгілік рухани және дене азабын тартады. Күнәдан тазару жолына түскенде тауға шығып, күнәдан тазарған соң, жұмаққа кіреді. Күнәдан тазарып, жұмаққа барғанша көп азапты жолдардан өтеді. Ал жұмаққа кіргендер өмірін мәңгі-бақи рақатта өткізеді.
ЖасыруСіз өміріңізде бір рет болсын естіген дыбысыңызды көріп пе едіңіз? Яки көрген түсіңіздің дәмін сезіп...