Жанғара Дәдебаев
ҒАЛЫМ
Биография
Толығырақ
Жанғара Дәдебаев 1948 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.
1966 жылы Ойық орта мектебін, 1969 жылы Тараз қаласындағы Абай атындағы педагогикалық училищені бітірген. 1968–1970 жж. ауыл мектебінің мұғалімі болып еңбек етті.
1970–1975 жж. әлФараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің студенті.
1975–1977 жж. М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қызметкері, 1977–2008 жж. әлФараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ассистент, аспирант, аға оқытушы, доцент, докторант (СНС), профессор, декан, кафедра меңгерушісі, проректор қызметтерін атқарды.
1990–1991 жж. қазіргі Білім академиясының директоры болды.
2008 жылдан бермен қарай аталған университетте кафедра меңгерушісі, университет жанындағы Абай ғылымизерттеу институтының директоры. Филология ғылымдарының докторы, профессор. Әдебиет сыншысы. ҚР Жоғары мектеп ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық Жоғары мектеп ғылым академиясының, ҚР Білім академиясының, Халықаралық Айтматов академиясының толық мүшесі. Шығармашылық еңбегінің басты бағыттары: тарих және әдебиет, әдеби шығармашылық процесс, жазушы еңбегі, көркемдік шеберлік.
Шығармалары: Шымырлап бойға жайылған. Алматы. «Жазушы», 1988; Ғабиден Мұстафин. Алматы. «Мектеп», 1989; Өмір шындығы және көркемдік шешім. Алматы. «Ғылым», 1991; Бөлтірік Әлменұлы және қазақ шешендік өнері. Алматы. «Қазақ университеті», 1996; Мұхтар Әуезов. Алматы. «Рауан», 1997; Атыңнан айналайын Әулие ата. Алматы. «Қазақ университеті», 1988; Жазушы еңбегі. Алматы. «Қазақ университеті», 2001; Атыңнан айналайын. Тараз тарихы туралы толғаныстар. Алматы. «Нұрлы әлем», 2002; Талас аңыздары. Алматы. «Нұрлы әлем», 2002; Қазіргі қазақ әдебиеті: лекциялар курсы (1–25лекциялар). Алматы. «Қазақ университеті», 2002; Қазіргі қазақ әдебиеті: лекциялар курсы (2650 лекциялар). Алматы. «Қазақ университеті», 2003; Адам ата. Алматы. «Қазақ университеті», 2005; Менің университетім. Алматы. «Қазақ университеті», 2007; Адам және заман. Алматы. «Өнер», 2007; Таңдамалы шығармалар. Екі томдық. Бірінші том. Алматы. «Өнер», 2008; Таңдамалы шығармалар. Екі томдық. Екінші том. Алматы. «Өнер», 2009.