Жұмабай Тәшенов
ҚАЙРАТКЕР
Биография
Толығырақ
Жұмабай Тәшенов (1925—1994)
20 қыркүйекте Қарақалпақ АССР-і, Нөкіс ауданына қарасты Жданов атындағы кеңшарда туған.
Өзбекстан Орталық Комитеті жанындағы Жоғары партия мектебінің журналистика бөлімін, Низами атындағы Ташкент мемлекеттік журналистика институтының тарих факультетін және Қарақалпақ кеңес әдебиеті мамандығы бойынша аспирантураны бітірген. Қарақалпақ АССР Жазушылар одағында драматургия секциясының меңгерушісі, «Қызыл Қарақалпақстан» газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, редакторы, Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші, «Жазушы» баспасында редакция меңгерушісі қызметтерін атқарған. Ұлы Отан соғысына қатысқан.
Алғашқы өлеңдері баспасөз бетінде 40-шы жылдың басынан жариялана бастаған. Содан бергі уақыт ішінде оның қарақалпақ, қазақ, өзбек, орыс тілдерінде ондаған өлең, әңгіме, повестер жинағы, бірнеше драмалық шығармалары, көркем фильм сценарийлері дүниеге келді. Ж.Тәшеновтің сценарийі бойынша «Қазақфильм» киностудиясы «Ана туралы аңыз» көркем фильмін (А.Сацкиймен бірігіп жазған), «Тәжікфильм» киностудиясы «Қашқын» телевизиялық фильмін түсірген.
Пушкин мен Лермонтовтың кейбір өлеңдерін, Некрасовтың «Русьте кімдер жақсы тұрады?» поэмасын (Т.Сейтжановпен бірігіп), А.Фадеевтің «Жас гвардия» романын, В.Катаевтың «Полк баласы» повесін, т.б. шығармаларды қарақалпақ тіліне, К.Рахмановтың «Келін» атты комедиясын қазақ тіліне аударған.
Жауынгерлік Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, «Ерлігі үшін», «Әскери ерлігі үшін», «1941—1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдарымен, Өзбек КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған.
Шығармалары: Жеңімпаздар. Өлеңдер. Нөкіс. ҚКГИЗ, 1944; Ұрыста шыныққандар. Әңгімелер. Нөкіс. ҚКГИЗ, 1947; Жауынгер достар. Повесть. Нөкіс. ҚКГИЗ, 1952,1957; Алыстағы ауылда. Әңгімелер. Нөкіс. ҚКГИЗ, 1954; Жауынгер жолы. Повестер. А., «Жазушы», 1967, 1985; Алғашқы айқас. Повестер. Әңгімелер. А., «Жазушы», 1973; Қаратас. Повесть, әңгіме. А., «Жазушы», 1976; Өтелген парыз. Повестер. А., «Жазушы», 1978; Боевые друзья. Повесть. Т., УзГИЗ, 1957; Утеген. Повесть. Т., УзГИЗ, 1958; Жауынгер жолы. Повестер. А., «Жазушы», 1984.
Нұр-Сұлтанда Тәшеновке ескерткіш орнатылады
Елордада Тәшеновке, Қожановқа, Бигелдиновке, Алтынсаринға ескерткіш орнатылады. Бұл туралы елорда әк...
Амангелді Айталы. Жұмабек Ташенов феномені
Амангелді АйталыТәуелсіздік оп-оңай келген жоқ. Оның жолында талай қан мен тер төгілді, талай боздақ...
Серік Негимов. Жұмабек Тәшенев туралы бір үзік сыр
Қайсар қазақ, қаһарман тұлға(Ата-баба жері үшін, өзі сүйген елі үшін ешкімнен тайсалмай өткен мемлек...