Кемел Тоқаев
ЖАЗУШЫ
Биография
Белгілі жазушы, қазақ әдебиетінің детективті-шытырман оқиғалы жанрының негізін қалаушы
ТолығырақКемел Тоқайұлы Тоқаев (1923-1986) Ұлы Отан соғысының ардагері, белгілі жазушы, қазақ әдебиетінің детективті-шытырман оқиғалы жанрының негізін қалаушы.
1923 жылы 2 қазанда Алматы облысының Қаратал ауданында туған.
1948 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш»), «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан»), «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеттері редакцияларында жауапты қызметтер атқарған.
1960–1977 жж. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Ведомостарының» бас редакторы боп істеген, 1980–1984 жж. Қазақстан Жазушылар одағының әдеби кеңесшісі болған.
Кеңес чекистері тақырыбына арналған оннан астам кітабы қазақ және орыс тілдерінде басылып шықты. Қазақстан Жазушылар одағы мен Қазақ КСР Ішкі істер министрлігі жариялаған әдеби бәйгелерде бірінші бәйге алып, төрт мәрте лауреат атанды (1956, 1972, 1977, 1980). «Қызыл комиссар», «Қылмыскер кім?» және «Сиқырлы сырлар» деп аталатын пьесалардың да авторы.
Ұлы Отан соғысының І және ІІ дәрежелі ордендерімен, екі мәрте «Ерлігі үшін» медалімен және басқа көптеген медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамоталарымен, КСРО Ішкі істер министрлігінің Құрмет Грамотасымен және омырауға тағатын арнаулы белгісімен марапатталған.
Шығармалары: Жұлдызды жорық. Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1954; Қыс қарлығашы. Повесть. А., ҚМКӘБ, 1958; Болашақ туралы ойлар. Повестер мен әңгімелер. А., «Қазақстан», 1955, 1958, 1972, 1975; Түнде атылған оқ. Повестер. А., «Жазушы»; «Қазақстан», 1971—1972, 1976; Қастандық. Повесть. «Жазушы»; «Қазақстан», 1971, 1972, 1975, 1976; Арнаулы тапсырма. Повесть. А., «Жазушы»; «Қазақстан»; 1965, 1968, 1976; Сарғабанда болған оқиға. Повесть. А., «Жазушы», 1975; Таңбалы алтын. Повесть. А., «Қазақстан», 1977; Соңғы соққы. Роман. А., «Жазушы», 1981; Солдат алысқа кетті. Роман. А., «Жазушы», 1983; Ұясынан безген құс. Роман. А., «Жазушы», 1983.
Ұларбек Нұрғалымұлы. Президенттің есімі немесе әке жолы
Желдей ұйтқып, жебедей зулап, сынаптай сырғып бара жатқан алмағайып уақытта оқыған, көрген, естіген,...
Жазушы Кемел Тоқаевтың «Таудағы жаңғырық» атты повестер жинағының топтамасы туралы пікір
Қолым жұмыстан қалт еткенде, әкемнің жазған дүниелерін компьютерге теріп жатқан жағдайым бар. Кеше ә...
Қазақ детективінің атасы - Кемел Тоқаев
Соғыс қасіретін суреттеген тақырыпқа жазушы Кемел Тоқаев та қалам тартқан. Бірақ ол соғыс шын&s...
Кемел Тоқаев туралы бір ой
Кемел ТоқаевШытырман хикаялы проза жанрында қалам тартқан жазушылардың арасынан шоқтығы биік тұлғала...
БІР ЖОҒЫН БҰЛ ҚАЗАҚТЫҢ БҮТІНДЕГЕН
Қазақ әдебиетінде «Алыптар тобы» деген ұғым бар. Сөз өнерін самғау биікке көтерген Мұхта...