Гүлнар Салықбай
АҚЫНГүлнар Салықбай 1963 жылы 15 мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Жамбыл ауылында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін 1986 жылы бітірген. «Бір жұтым ауа, қызыл күн», «Жан», «Түс», «Аспандағы аңсарым», «Кешіріңдер келгенімді өмірге» атты жыр жинақтарының авторы. Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.
«Қазақ әдебиеті» газетінде, «Арай» - «Заря» журналында, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығында қызмет істеді. «Атамұра» баспасында редактор, «Алаш» баспасында бас редактор, «Қазақстан» телерадио корпорациясында «Жан» бірлестігінің жетекшісі, «Қазақстан» телеарнасында бас редактор болды.
Қалам ұшындағы Астана метаморфозасы
6-шілде – Астана күні. Атаулы күнге орай "Мәдениет порталы" бір топ а...
Өтті Есағам, кетті Өлең...
Есенғали көкеміз айтқан сәуір келді. Бәлкім кеше ештеңе естімеген Алматының кей жастары Абай да...
Гүлнар Салықбайдың "Кешіріңдер келгенімді өмірге" атты кітабы
Қазақтың белгілі ақыны Гүлнар Салықбайдың бұл жинағына соңғы жылдары жазылған өлеңдері топтастырылып...